АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерінен шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» конкурсын өткізу туралы
Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2024 жылы «15» қараша 09 сағат 00 минутта Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уалиханов көшесі, 1 мекен-жайы бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында 3-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді.
Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 24 қазаннан бастап 2024 жылдың 14 қарашаны қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді СҚО Тимирязев ауданының әкімдігі қабылдайды. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе «ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелерді, ауыл шаруашылығы өндірісі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде бере алады.
Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚР Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер.
Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурсқа қатысушы конкурстық ұсынысты, оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, жабық конвертте, беттері нөмірленген тігілген түрде ұсынады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс» және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі).
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Жер учаскелерінің тізбесі
|
Лот № |
Жер учаскелерінің №
|
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жер құрамы және түрлері) |
Ауданы, га |
Бонитет балы |
Жалдау мерзімі, жыл
|
Жер учаскесінің орналасқан жері (экономикалық және аудан орталығынан орташа қашықтығы) |
|
1 |
№ 41/67,3, кос34/1 |
Жалпы ауданы 68,3 га, оның ішінде егістік 67,3 га, табиғи жайылымдар 1 га |
68,3 га |
57,9 |
10 жыл |
Комсомол ауылдық округі (20 км) |
|
2 |
№ I/53, II/39, III/114, IV/86, кос3/6,300 |
Жалпы ауданы 300 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 298 га, жолдар 2 га |
300 га |
44,8 |
10 жыл |
Интернационал ауылдық округі (60 км) |
|
3 |
№ 11/7, V/60, VI/77 |
Жалпы ауданы 144 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 144 га |
144 га |
55,7 |
10 жыл |
Интернационал ауылдық округі (60 км) |
|
4 |
№ 6/43, кос5/1 |
Жалпы ауданы 44 га, оның ішінде егістік 43 га, табиғи жайылымдар 1 га |
44 га |
55,9 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (40 км) |
|
5 |
№ 19/22,5 |
Жалпы ауданы 22,8 га, оның ішінде егістік 22,5 га, жолдар 0,3 га |
22,8 га |
52,3 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (40 км) |
|
6 |
№ Г3-7, кор тел/83, 6-11/30 |
Жалпы ауданы 143 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 113 га, бұталар 28 га, жолдар 1 га, басқалар 1 га |
143 га |
34,9 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (30 км) |
|
7 |
№ 1/22,2, 2/43, 1, Г1, 2кор/100 |
Жалпы ауданы 182 га, табиғи жайылымдар 165 га, бұталар 16 га, жолдар 1 га |
182 га |
32,7 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (35 км) |
|
8 |
№ 16-8/16, кос18/66, 6-9/18 |
Жалпы ауданы 103 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 100 га, бұталар 3 га |
103 га |
17,7 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (34 км) |
|
9 |
№ кос16/1, 5-4/65, Г8/178 |
Жалпы ауданы 261 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 244 га, бұталар 16 га, жолдар 1 га, |
261 га |
34,9 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (40 км) |
|
10 |
№ 1-2/99, Г9/168, 4-1/41 |
Жалпы ауданы 396 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 326 га, бұталар 69 га, жолдар 1 га |
396 га |
32,7 |
10 жыл |
Дмитриев ауылдық округі (40 км) |
|
11 |
№ 5,6овцы/119 |
Жалпы ауданы 141 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 119 га, бұталар 21 га, жолдар 1 га |
141 га |
24,0 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (22 км) |
|
12 |
№ 29-2/22,9 |
Жалпы ауданы 22,9 га, оның ішінде егістік 22,9 га |
22,9 га |
46,2 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (20 км) |
|
13 |
№ кос29/13, 6/147 кос29, 1-1/99,5/85, 1-2/11, овцы/74 |
Жалпы ауданы 430 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 429 га, жолдар 1 га |
430 га |
25,8 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (13 км) |
|
14 |
№ 2/77,3 |
Жалпы ауданы 77,3 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 77,3 га |
77,3 га |
25,8 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (40 км) |
|
15 |
№ 5/81, 6/59, 6-2/17, овцы/485 |
Жалпы ауданы 672 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 642 га, кустарники 24 га, су астында 1 га, олардың ішінде жасанды су қоймалары 1 га, жолдар 3 га, басқалар 2 га |
672 га |
23,7 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (10 км) |
|
16 |
№ 7лошади/46, кос14/27, 6-1/19, 15/189, кос11/11, кос12/23 |
Жалпы ауданы 316 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 315 га, жолдар 1 га |
316 га |
19,9 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (50 км) |
|
17 |
№ кос8/132 |
Жалпы ауданы 135 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 132 га, су астында 1 га, олардың ішінде жасанды су қоймалары 1 га, жолдар 1 га, басқалар 1 га |
135 га |
34,5 |
10 жыл |
Ленин ауылдық округі (35 км) |
|
18 |
№ 24-1/21, 23/53, 24-2/95 |
Жалпы ауданы 174 га, оның ішінде егістік 169 га, батпақтар 4 га, жолдар 1 га |
174 га |
54,3 |
10 жыл |
Есіл ауылдық округі (15 км) |
|
|
Барлығы |
Жалпы ауданы 3 623,3 га, оның ішінде егістік 324,7 га, табиғи жайылымдар 3106,3 га, бұталар 177 га, жолдар 14,3 га, су астында 2 га, олардың ішінде жасанды су қоймалары 2 га, батпақтар 4 га, басқалар 4 га |
3623,3 га |
|
|
|