Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс туралы

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

Лот №

Жер

учаскесінің

орналасқан

жері

Жер учаскесінің берілу мақсаты

Алқаптардың құрамы

Алаңы (га)

Бонитет балы

Мерзімі

жалға алу

(жылдар)

Топырақсипаттамасыныңсапасы

Суменқамтамасызетілуі

Өңірдіңауылшаруашылықмамандануы

1

Бұзылық ауылдық округі әкімшілік шекараларында

Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

егістік

74 га

39,3

49 жыл

топыраққарақоңыр

суландырылмаған

өсімдікшаруашылығы, мал шаруашылығы

2

Бұзылық ауылдық округі әкімшілік шекараларында

Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

егістік

47 га

39,3

49 жыл

топыраққарақоңыр

суландырылмаған

өсімдікшаруашылығы, мал шаруашылығы

 

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;  2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемелер;

3)Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын жеке тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түріндегі артықшылық беріледі, бұл ретте бұл адамдар тұру фактісін растауға, конкурстық өтінімді толтыру кезінде тұру уақытын көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсетуге тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2024 жылғы 23 қазаннан бастап 2024 жылғы 14 қарашаға қоса алғанда жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2024 жылғы 15 қарашада сағат 10:00 - ден басталады (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) жарияланады Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6 мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Есіл ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil?lang=ru  интернет-ресурстарынан немесе «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі»ММ-нің телефондар бойынша алуға болады: 8 (71647) 22-2-63.

Дата публикации
23 сентября 2024
Дата обновления
23 сентября 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы