Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу туралы» қағидаларының 7 тармағына сәйкес:

Пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмді тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма қол немесе почта арқылы ағымдағы жылғы
1 ақпанға дейін
бередi және онда сынақтарға ұсынылған пестицидтi қолдану регламенттерi қамтылады.

Осы қағидалардың
25-тармағына сәйкес:

 Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізуге арналған өтінімді тіркелуші (өтінім беруші) Ведомствоға қолма-қол немесе почта арқылы ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін бередi.

 Бұл ретте, Қағиданың 10-тармағының 5) тармақшасына сәйкес:

 Пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге өтiнiм ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кейін берілген жағдайда, пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмдерді қабылдаудан бас тартылады.

Қағиданың 28-тармағының, 4) тармақшасына сәйкес пестицидтерді өндірістік сынақтардан өткізуге арналған өтiнiм ағымдағы жылғы
1 ақпаннан кейін
берілген жағдайда, пестицидтерді өндiрiстiк сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмдерді қабылдаудан бас тартылады.

Яғни, тіркеушінің (өтініш берушінің) Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге өтінім беру даталарын және өтінімдерді уақтылы ұсынбаған жағдайда Ведомствоның (Комитеттің) бас тарту  даталарын есептеу мерзімдерінде қайшылық бар.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 4-4/61 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу туралы» қағидаларына өзгерістер енгізілсін, атап айтқанда, 10-тармақтың 5) тармақшасында пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмдерді қабылдаудан

бас тарту негізі келесідей реакцияда жазылсын:

«егер пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге өтiнiм ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кейін  (қоса алғанда) берілсе»;

28-тармақтың 4) тармақшасында өндірістік сынақтарға өтінімдерді қабылдаудан бас тарту негізі келесідей редакцияда жазылсын:

«егер пестицидтерді өндірістік сынақтардан өткізуге арналған өтiнiм ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кейін (қоса алғанда) берілсе»

 

 

Ереже жобасы

 

2025 жылғы наурыз

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу туралы» қағидаларының 7 тармағына сәйкес:

 Пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмді тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма қол немесе почта арқылы ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін бередi және онда сынақтарға ұсынылған пестицидтi қолдану регламенттерi қамтылады.

25-тармағына сәйкес:

Осы Қағидаларға 
7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізуге арналған өтінімді тіркелуші (өтінім беруші) Ведомствоға қолма-қол немесе почта арқылы ағымдағы жылғы
1 ақпанға дейін бередi.

Қолданыстағы тұжырым «пошта арқылы» нормативтік құқықтық актіні ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін тудырады, өйткені іс жүзінде өтініш берушілер өтініштерді пошта байланысы арқылы да, электронды пошта арқылы да, «Е-otinish» электронды үкімет порталы арқылы да жібереді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу туралы» қағидаларының өзгерістер енгізілсін, атап айтқанда,
 7 және 25-тармақтарында тіркеушінің (өтініш берушінің) Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге өтінімді нақты қандай пошта арқылы бере алатыны реттелсін.

 

Ереже жобасы

 

2025 жылғы

наурыз

 

3

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін талдау барысында «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету аумақтық бөлімшелермен жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ мереке және демалыс күндері жүзеге асырылғаны анықталды

«БАБЖ» АЖ-де фитосанитариялық (карантиндік)сертификаттарды

жұмыстан тыс уақытта

 беру мүмкіндігін болдырмауға немесе  бұғаттауға бағытталған шараларды қабылдау

 

 

«БАБЖ» АЖ-де функцияны жүзеге асыру

 

 

4

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-бабының,
1-тармағына сәйкес мемлекеттік басқару органдарына  ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету құқығы берілді.

Алайда, мемлекеттік басқару органмен (Комитетпен) Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларының лауазымдық жалақыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылар беру, көтермелеу үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ материалдық көмек көрсету тәртібі реттелмеген.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-бабының
1-тармағына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары мен басшы орынбасарларының лауазымдық жалақыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ материалдық көмек көрсету тәртібін әзірлеу

 

Сыйлықақы беру, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары мен басшы орынбасарларының лауазымдық жалақыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ материалдық көмек көрсету бойынша әзірленген тәртіп

 

 

 

2024 жылғы

қараша

5

Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде

және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың артқаны байқалады.

Аумақтық бөлімшелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың орындалуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде қызметкерлермен семинарлар мен кездесулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық оқыту, жарияланымдарды ұйымдастыру. БАҚ, әлеуметтік желілерде және атқарылған жұмыстар туралы ай сайын ақпарат жинау.

 

Семинарлардың, құқықтық оқытудың, дөңгелек үстелдердің хаттамалары, БАҚ, әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың скриншоттары, аумақтық бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ай сайынғы есептері.

 

 

2024-2025 ж.ж.

ай сайын



Дата публикации
10 сентября 2024
Дата обновления
10 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы