|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Комитет төрағасы |
Ұйымдастыру-басқару функциялары
(Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қызметте бағынышты қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар беруге, сондай-ақ, оларға қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазаларды қолдануға берілген құқық) |
Шешім қабылдау және ұйымдастырушылық-басқару функцияларын жүзеге асыру құқығы
|
|
2 |
Төраға орынбасары |
Ұйымдастыру-басқару функциялары |
Шешім қабылдау және ұйымдастырушылық-басқару функцияларын жүзеге асыру құқығы |
|
3 |
Өсімдік қорғау басқармасының басшысы |
Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады, «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу», «Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия беру», «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
|
Бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі
|
|
4 |
Өсімдіктер карантині басқармасының басшысы |
Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады, карантинге жатқызылатын өнімдердің импорты, экспорты, транзиттік және мемлекетішілік қозғалысы жөніндегі іс-шараларды, фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі жұмыстарды бақылауды жүзеге асырады. |
Бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі |
|
5 |
Персоналмен жұмыс басқармасының басшысы |
Аттестаттау комиссиясының, тәртіптік комиссияның, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және Комитет бойынша лауазымдық жалақыларға үстемеақы белгілеу және отырыстардың қорытындысы бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмыстарын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады. Кадр құрамын қалыптастыруға жұмысты үйлестіруді, Комитеттiң, аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының бос әкiмшiлiк лауазымдарына, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады |
Жекелеген үміткерлерге артықшылық беру мүмкіндігі |
|
6 |
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы |
Өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу |
белгілі бір функцияларды жүзеге асырудың негізгі процестерін реттейтін жеке тұлғалар мен салалық топтардың мүдделерін қорғайтын құқықтық актілерге дискрециялық нормаларды енгізу мүмкіндігі |
|
7 |
Халықаралық қатынастар және цифрландыру басқармасының басшысы
|
Реттелетін, соның ішінде Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттар саласында заңнамаларды жетілдіру және гармонизациялау бойынша ұсыныстар енгізеді, өсімдіктер карантині және қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықтың дамуын және қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде нормативтік құжаттарды әзірлейді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) халықаралық стандарттарын, нормалары мен келісімдерін ескере отырып,
|
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде белгілі бір функцияларды жүзеге асырудың негізгі процестерін реттейтін жеке тұлғалар мен салалық топтардың мүдделерін қорғайтын құқықтық актілерге дискрециялық нормаларды енгізу мүмкіндігі
|
|
8 |
Бухалтерлік есеп және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы |
Бюджеттік бағдарламалар бойынша бухгалтерлік есеп жұмысын үйлестіру
|
Талдау немесе мониторинг объектілеріне қатысты шешім қабылдауға әсер ететін жалған көрсеткіштерді қалыптастыру мүмкіндігі |
|
9 |
Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы |
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру |
Ерікті жоспарлау, бәсекелестікті шектеу мүмкіндігі
|
|
10 |
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттық қамтамасыз ету басқармасы |
Жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың актілері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын қадағалау |
Бұзушылықтарды жасыру мүмкіндігі |