Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» сөйлейтін сөзі

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

1-слайд. Ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындылары бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5%-ға ұлғайып, 1,7 трлн. теңгені құрады.

Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,6%-ға, оның ішінде тірі салмақтағы еттің 3,6%-ға, сүттің 3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

2-слайд. Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалды.

3-слайд. 6 айдың қорытындылары бойынша ірі қара мал саны 4,5%-ға, қой саны 2,5%-ға, жылқы саны 8,5%-ға, түйе саны 4%-ға, шошқа саны 0,7%-ға өсті.

4-слайд. Бүгінгі күні Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында дәнді дақылдарды жаппай жинау жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 929,4 мың. га немесе егіні жиналуы тиіс алқаптың 37,3%-ы жиналды.

Орташа түсімділік гектарына 19,1 центнерді құрап (2019 жылы – 19,1 ц/га), 1,8 млн. тонна дәнді дақылдар бастырылды (өткен жылы осындай күнге 1,4 млн. тонна бастырылған болатын).

Сонымен қатар, республиканың негізгі егін егуші өңірлері де жаңа егін көлемін жинауға кірісіп кетті (93,3 мың га немесе көрсетілген өңірлер алаңдарының 0,8%-ы жиналды). Солтүстік өңірлер жаппай егін жинауды 20 тамызға қарай бастайтын болады.

Нәтижесінде 7 айдың қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2,1%-ға ұлғайып, 242 млрд. теңгені құрады. 

5-слайд. Көрсетілген мерзімде тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 4,1%-ға өсіп, 1 064 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте, өңделген күріш өндірісінің 72 мың тоннадан 122,4 мың тоннаға дейін 70%-ға ұлғайғанын атап өту қажет.

Сондай-ақ, шұжық өнімдері өндірісінің 21,5%-ға (27,4 мың тоннадан 33,2 мың тоннаға дейін), жарманың 11,8%-ға (46,4 мың тоннадан  51,9 мың тоннаға дейін), макаронның 8,1%-ға (94,8 мың тоннадан 102,5 мың тоннаға дейін), сары майдың 8%-ға (11,2 мың тоннадан 12,1 мың тоннаға дейін), ұнның 6,5%-ға (1 775,4 мың тоннадан 1 891,2 мың тоннаға дейін), өсімдік майының 4,9%-ға (250,9 мың тоннадан 263,1 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдерінің 4,7%-ға (123,3 мың тоннадан 129,1 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбенің 1,9%-ға (17,8 мың тоннадан 18,1 мың тоннаға дейін) артқаны байқалады.

6-слайд. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 13,5%-ға ұлғайып, 261,2 млрд. теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,8%-ға артып, 45,7 млрд. теңгені құрады.

Есепті кезең қорытындылары бойынша оң серпін байқалады, бұл ретте саланы дамыту үшін Үкімет жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық шараларды қабылдауда.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
11 августа 2020
Дата обновления
11 августа 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы