АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРАРЛАМА
Өскемен қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2024 жылғы 15 тамыздан 2024 жылғы 05 қыркүйекке дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, 100 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефоны 8 (7232) 26-85-68, 24-82-69.
Конкурстық өтінімдері бар конверттер ашу және конкурстың қорытындысын шығару 2024 жылғы 06 қыркүйекте сағат 10.00-де ШҚО, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 33, мекенжайында «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де болады.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
2) Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурс өткізілмеді деп танылады:
Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда.
Жер учаскелерінің тізбесі
|
№ п/п |
Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық орталығынан орташа қашықтық) жер учаскесінің лот № |
Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде |
Өңірдің ауыл шаруашылы-ғына мамандануы |
Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл |
Алқаптардың құрамы, оның ішінде |
Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өзгеде |
|||||
|
Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін |
Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін |
Егістік |
Шабын-дық |
Жайы-лымдық |
Басқа алқап-тар |
||||||||
|
05-085-142 есеп кварталының жерлері |
|||||||||||||
|
1 |
Самсоновка ауылынан шығысқа қарай 7,3 км |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
Ауыл шаруашылы-ғы өндірісі үшін |
Өсімдік шаруа-шылығы |
34,0193 га (жалға алу 10 жыл) |
34,0193 га |
|
|
|
59 |
сулан-ған |
|
|