АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 12 тамыз күні сағат 10:00 де ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша ҚР АШМ министрінің 20.12.2018 жылғы №518 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес конкурс өткізіледі.
|
Лот № |
Есеп кварталы, жер телімінің орналасқан орны |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Ауыл шаруашылығы мамандануы |
Бекітілгенкөлемі, жалдау мерзімі
|
Ауыл шаруашылық алқап түрлері оның ішінде |
Топырақтың сапалы сипаттамасы Бонитет балы |
Сумен қамтылуы |
|||
|
егістік |
жайылым |
шабындық |
басқа да жерлер |
|||||||
|
1 |
05-069-010 есеп кварталы Қаратал ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 0,5 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
Өсімдік шаруашылығы |
7,8916 10 жыл |
7,8916
|
|
|
|
Ашық каштан түсті б/б 39 |
бар |
|
2 |
05-069-013 есеп кварталы Қарабұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23,7 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы |
184,6065 10 жыл |
|
183,4125 |
|
1,2140 |
Қара қоңыр б/б 29 |
жоқ |
|
3 |
05-069-016 есеп кварталы Кеңсай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12,0 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы |
70,4 10 жыл |
|
70,2 |
|
0,2 |
Ашық каштан түсті б/б 29 |
жоқ |
Ұсынылатын жер учаскелерінің пайдалану мерзімдері 10 жылға дейін.
Жер учаскелеріне қатысты шектеулер:
Жалдау келісім-шарттарының алғашқы бес жыл мерзімі ішінде кепілдікке беруді қоспағанда, мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конвертке салынып, 29.07.2024 жыл мен 09.08.2024 жыл аралығында Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайы: ШҚО, Зайсан қаласы, Қабанбай батыр көшесі №10. Байланыс телефондары: 27-211.
Конкурсқа қатысу үшін өткізілетін құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
а) бизнес-жоспар;
б) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
в) ҚР жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс;
Конкурсқа тапсырылған конверттерді ашу күні 12.08.2024 жылы сағат 10:00 де, ШҚО, Зайсан қаласы, Қонаев көшесі №54 мекен-жайда орналасқан Зайсан ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Қосымша мәліметтерді "Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімінен" немесе аудан әкімдігінің ресми сайтынан (www.zaysan.vko.gov.kz) алуға болады.