АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қарғалы ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне
конкурс жариялайды
2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ ҚР Жер кодексінің 43, 43-1 баптарын (әрі қарай Кодекс), ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Қарғалы ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін жалға беруге конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9- тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс..
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Кодекстің 43-1 бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ кодекстің 43-1 бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.
Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі мен конкурстың қағида талаптарын және жалға беру шартының үлгілерін «Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны:8(71342)23267
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау, конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қабылданады.
Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 28 маусымынан 18 шілдесі аралығында Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі 32 мекен жайы, 27 кабинетте қабылданады. Конкурс 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 10:00 де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді. Конкурс өткізу орны: Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, №38 мекен жайында.
Конкурсқа шығарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің
тізбесі
|
Лот № |
Жер алқабының |
Көлемі,га |
Жалға беру мерзімі, жыл |
|
Лот 1 |
Жайылымдық жерлер, Ащылысай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 32 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
112 |
10 жылдан |
|
Лот 2 |
Жайылымдық жерлер, Ащылысай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 36 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
124 |
10 жылдан |
|
Лот 3 |
Егістік жерлер, Ащылысай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 32 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
126 |
10 жылдан |
|
Лот 4 |
Егістік жерлер, Ащылысай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 30 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
168 |
10 жылдан |
|
Лот 5 |
Егістік жерлер, Кемпірсай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 18 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
81 |
10 жылдан |
|
Лот 6 |
Егістік жерлер, Кемпірсай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 21 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
119 |
10 жылдан |
|
Лот 7 |
Егістік жерлер, Кемпірсай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 20 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
124 |
10 жылдан |
|
Лот 8 |
Жайылымдық жерлер, Кемпірсай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 27 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
158 |
10 жылдан |
|
Лот 9 |
Жайылымдық жерлер, Кемпірсай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 27 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
265 |
10 жылдан |
|
Лот 10 |
Жайылымдық жерлер, Кемпірсай ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 35 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
291 |
10 жылдан |
|
Лот 11 |
Егістік жерлер, Қос Естек ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 35 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
179 |
10 жылдан |
|
Лот 12 |
Жайылымдық жерлер, Қос Естек ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 47 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
352 |
10 жылдан |
|
Лот 13 |
Жайылымдық жерлер, Қос Естек ауылдық округі аумағында, аудан орталығынан шамамен 70 км, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу |
737 |
10 жылдан |
|
|
Барлығы: |
2836 га |
|