Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

№

Жер учаскесінің орналасқан

орны

Жер учаске-сінің көлемі, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер пайдалану құқығы

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Алқаптардың құрамы

Бонитет балы

 

Өңірдің ауылшаруашылығына мамандануы

Сумен қамтамасыз етілу мүмкіндігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жалағаш ауданы, Аққыр  ауылдық округі аумағы 

300

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

құмшауыт

Жайылымы

288 га,

басқа алқаптары

12 га

2

Мал шаруашылығы

Жоқ

2

Жалағаш ауданы, Аққыр  ауылдық округі,  «Қанқожа» учаскесі аумағы 

258

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

жеңіл сазды

Жайылымы

209 га,

басқа алқаптары

49 га

5

Мал шаруашылығы

Бар

3

Жалағаш ауданы, Аққыр  ауылдық округі, «Аққыр» каналының оңтүстік-шығыс беті

500

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

жеңіл

саздақты

Тыңайған 89 га, жайылымы

347 га,

басқа алқаптары

64 га

1

Егін, мал шаруашылығы

Бар

4

Жалағаш ауданы, Аламесек  ауылдық округі,  «Оңтүстік коллектор» мен «Бөлебай» каналының қиылыс аумағы

134

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

ауыр

сазды 

Жайылымы

111 га,

басқа алқаптары

23  га

6

Мал шаруашылығы

Бар

5

Жалағаш ауданы, Аламесек  ауылдық округі,  «Тораңғыл» учаскесі аумағы

41

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

 

жеңіл

сазды

Жайылымы 33 га,

басқа алқаптары

8 га

2

Мал шаруашылығы

Бар

6

Жалағаш ауданы, Аламесек ауылдық округі,  №4 ауыспалы егіс жүйесі 

341

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

орташа

сазды 

Егістігі 281 га,

басқа алқаптары

60 га

22

Егін шаруашылығы

Бар

7

Жалағаш ауданы, Ақсу  ауылдық округі,  «Байбыхан» каналының батыс беті  

40

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

 

ауыр

 сазды

Тыңайған 21 га, жайылымы

12 га,

басқа алқаптары

7 га

1

Егін, мал шаруашылығы

Бар

8

Жалағаш ауданы, Ақсу  ауылдық округі,  К-1 қашыртқысының шығыс беті  

43

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

ауыр

сазды 

Жайылымы

37 га,

басқа алқаптары

6 га

18

Мал шаруашылығы

Жоқ

9

Жалағаш ауданы, Қаракеткен  ауылдық округі,  «Бұқарбай» каналының батыс беті 

300

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

ауыр

сазды

Жайылымы 297 га, басқа алқаптары

3 га

5

Мал шаруашылығы

Бар

10

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округі,  «Ақшал» учаскесінің батыс беті 

110

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

орташа

сазды

Жайылымы

101 га,

басқа алқаптары

9 га

12

Мал шаруашылығы

Жоқ

11

Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық округі,  «Оңтүстік коллектордың» солтүстік беті 

200

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

ауыр

сазды

Жайылымы

164 га,

басқа алқаптары

36 га

2

Мал шаруашылығы

Жоқ

12

Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі,  №6 ауыспалы егіс жүйесі 

30

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы

орташа

сазды

Егістігі

25 га,

басқа алқаптары

5 га

19

Егін шаруашылығы

Бар

             Конкурс Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

             Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3  мекен-жайда орналасқан «Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы «24» маусым  сағат 900  - ден бастап  2024 жылғы «15» шілде сағат 1900 - ге дейін қабылданады.

          Конкурс өткізу Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті,  Әйтеке би көшесі №12 мекен-жайындағы Жалағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2024 жылғы «16» шілде күні сағат 1600 - де басталады.

                  Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде;

                1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің  - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

                2)  жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

                3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

                4) конкурстық ұсыныс;

                5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

                Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес  заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

                  Конкурстық ұсыныста:

                  1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

                2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

                3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

              Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

                Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

                Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

                Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және 2024 жылғы «16» шілде сағат 1600 - ге дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

          Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу сызбасын Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3  мекен-жайда орналасқан «Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен көруге болатындығын хабарлаймыз.  Байланыс телефоны: 8(72431) 31-9-78,   8(72431) 31-8-88. 

Дата публикации
28 мая 2024
Дата обновления
28 мая 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы