АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді, ол 2024 жылғы 17 маусымда Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша өтеді (Қостанай ауданы әкімдігінің ғимараты).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ-де өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 2024 жылғы 27 мамырдан бастап 2024 жылғы 14 маусымға дейін (қабылдау уақыты сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады Мекенжайы: Қостанай облысы, Тобыл қаласы, Казахская көшесі, 5.
Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма - қол, пошта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
«Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін, конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма - қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.