Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.

  1. Конкурс өткізілетін күні және орны: 2024 жылы 17 маусым сағ 10 - де. Созақ ауданы, Жібек жолы көшесі №14 үй, аудан әкімі аппараты ғимараты, екінші қабат, кіші залында өтеді. Қосымша ақпаратты 8(72546) 4-27-69 телефоны арқылы білуге болады.

Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2024 жылдың 27 мамырынан – 14 маусымына дейін (14.06.2024 жыл сағ: 1800 - де аяқталады). Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №40 үй, «Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

  1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және 17.06.2024 жылғы сағ 1000- ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

                Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 17.06.2024 жыл.

 

Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1-бабына сәйкес Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс жариялайды. Конкурс арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ

Жер учаскесінің

Лот №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі, (га)

 

Ауыл округі

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалға беру мерзімі, жыл

1.        

Жайылым

500

Қарақұр

Шалғынды-қоңыр ашық солтүстік орташа сортаң

8

мал шаруашылығы

49

2.        

Жайылым

2000

Қарақұр

Шөлді  сортаңды сұр- қоңыр ашық сазды топырақ

8

мал шаруашылығы

49

3.        

Суармалы егістік

75

Қарақұр

Шөлді  сортаңды сұр- қоңыр ашық сазды топырақ

13

егін шаруашылығы

49

4.        

Жайылым

500

Қарақұр

Сұр-қоңыр шалғынды-шөлді сортаң орташа сазды

10

мал шаруашылығы

49

5.        

Жайылым

860

Қарақұр

Сұр-қоңыр шалғынды-шөлді сортаң орташа сазды

10

мал шаруашылығы

49

6.        

Жайылым

1000

Қарақұр

Сұр-қоңыр сортаңсыз ашық саздақты сортаң шөлді сортаң жеңіл жазды

8

мал шаруашылығы

49

7.        

Жайылым

1000

Қарақұр

Сұр-қоңыр сортаңсыз ашық саздақты

9

мал шаруашылығы

49

8.        

Жайылым

4000

Қарақұр

Сұр-қоңыр сортаңсыз ашық саздақты сортаң шөлді сортаң жеңіл жазды

7

мал шаруашылығы

49

9.        

Жайылым

 

1000

Қарақұр

Шалғынды сортаң, тақыр тәрізді жоталы құм

8,3

мал шаруашылығы

49

10.    

Жайылым

139

Шолаққорған

Сұр-қоңыр сортаңсыз ашық саздақты сортаң шөлді сортаң жеңіл жазды

2

мал шаруашылығы

49

11.    

Жайылым

1600

Қаратау

Ашық солтүстіктің дамымаған сұр топырақтары, орташа тасты-қиыршақ

7

мал шаруашылығы

49

12.    

Жайылым

1000

Қаратау

Ашық солтүстіктің дамымаған сұр топырақтары, орташа тасты-қиыршақ

6

мал шаруашылығы

49

13.    

Жайылым

2000

Қаратау

Сұр-қоңыр кәдімгі дамымаған орташа құмды саздық

7

мал шаруашылығы

49

14.    

Жайылым

500

Қаратау

Жеңіл солтүстік сұр, дамымаған, жеңіл сазды

7,6

мал шаруашылығы

49

15.    

Жайылым

100

Құмкент

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

14

мал шаруашылығы

49

16.    

Жайылым

50

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

12

мал шаруашылығы

49

17.    

Суармалы егістік

5,5

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

14

егін шаруашылығы

49

18.    

Жайылым

103

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

103

мал шаруашылығы

49

19.    

Жайылым

1000

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

6

мал шаруашылығы

49

20.    

Жайылым

1000

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр

тәрізді шөл сортаңы

7

мал шаруашылығы

49

21.    

Жайылым

2000

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

8

мал шаруашылығы

49

22.    

Суармалы егістік

8

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

14

егін шаруашылығы

49

23.    

Суармалы егістік

7

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

13

егін шаруашылығы

49

24.    

Суармалы егістік

6

Созақ

 

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

11

егін шаруашылығы

49

25.    

Жайылым

85

Созақ

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

7

мал шаруашылығы

49

26.    

Жайылым

1000

Жартытөбе

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

8

мал шаруашылығы

49

27.    

Жайылым

1000

Жартытөбе

Солтүстік сұр, орташа сазды топырақ

6

мал шаруашылығы

49

28.    

Жайылым

1000

Жартытөбе

Солтүстік сұр, орташа сазды топырақ

6

мал шаруашылығы

49

29.    

Жайылым

1000

Жартытөбе

Солтүстік сұр, орташа сазды топырақ

17

мал шаруашылығы

49

30.    

Суармалы егістік

2

Сызған

Дамымаған солтүстік сұр, жеңіл сазды топырақ

8

егін шаруашылығы

49

31.    

Жайылым

104

Сызған

Солтүстік кәдімгі сұр, орташа сазды топырақ

6

мал шаруашылығы

49

32.    

Жайылым

1000

Тасты

Солтүстік кәдімгі сұр, орташа сазды топырақ

7

мал шаруашылығы

49

33.    

Жайылым

1000

Жуантөбе

Дамымаған солтүстік сұр, жеңіл сазды топырақ

7

мал шаруашылығы

49

34.    

Жайылым

1000

Жуантөбе

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

7

мал шаруашылығы

49

35.    

Жайылым

500

Жуантөбе

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

7

мал шаруашылығы

49

36.    

Жайылым

1000

Шу

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

6

мал шаруашылығы

49

37.    

Жайылым

5500

Қаратау

Сұр-қоңыр сортаңдар тақыр тәрізді шөл сортаңы

5

мал шаруашылығы

49

                Суармалы егістік 103,5 га,  жайылым 34541  га: Барлығы 34644,5 га

Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 43-1 бабының 6-тармағына сәйкес, ауданның, облыстың маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау және тіркеу-өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
25 апреля 2024
Дата обновления
25 апреля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы