АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы
12 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 16 мамыр сағат 10.00-де, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Казыбек би 52 мекенжайы бойынша орналасқан Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің МҮ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап 2024 жылдың 15 мамыр сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А ( 2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.
Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:
|
Лоттың № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитеті) |
Алаңы, |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері
|
Су қамтамасыз ету |
Аймақтың шаруашылығы мамандандыру |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Талшынды, суармалы егістік -21,5 га, жайылым -0,3 га, дала жолдары – 0,1 га. Балл бонитет – 34. |
21,9 |
10 |
Центральный а/о |
Қамтамасыз етілген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
2 |
Талшынды, егістік -180 га. Балл бонитет – 20. |
210,0 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
3 |
Талшынды, жайылым 54,0 га, дала жолдары - 0,3531 га, шұңқырлар -1,9 га. Балл бонитет – 4. |
56,2531 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
4 |
Талшынды, егістік -187,0 га, жайылым-74,0 га, дала жолдары – 0,4903 га, суағарлар -0,3596 га. Балл бонитет – 19. |
261,8499 |
10 |
Белағаш а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
5 |
Талшынды, жайылым – 500,0 га, ТЖ жайылым -267,0 га, дала жолдары – 0,8033 га, суағарлар -0,7525 га. Балл бонитет – 20. |
501,5558 |
10 |
Белағаш а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, егістік -252,0 га, жайылым -255,0 га, ТЖ жайылым -67 га, дала жолдары – 0,6351 га. Балл бонитет – 20. |
507,2121 |
10 |
Белағаш а/о |
Қамтамасыз етілген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
7 |
Талшынды, егістік -50,0 га, жайылым -2,3 га, дала жолдары – 0,1224 га. Балл бонитет – 15. |
52,4224 |
10 |
Көкпекты а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
8 |
Талшынды, егістік -53,0 га, тыңайған жер -7,0 га, жайылым -2,2 га, дала жолдары – 0,4250 га. Балл бонитет – 15. |
62,6250 |
10 |
Көкпекты а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
9 |
Талшынды, егістік -187,0 га, жайылым -74,6 га, дала жолдары – 1,4180 га. Балл бонитет – 18. |
263,0180 |
10 |
Керней а/о |
Қамтамасыз етілген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
10 |
Талшынды, егістік -73 га, жайылым -107,0138 га, ТЖ жайылым -63га. Балл бонитет – 22. |
180,0138 |
10 |
Шешенқара а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
11 |
Талшынды, егістік -181,0 га, жайылым -78,0 га, дала жолдары – 1,0653 га, суағарлар -0,4160 га. Балл бонитет – 25. |
260,4817 |
10 |
Шешенқара а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
12 |
Талшынды, жайылым -297,6 га, дала жолдары – 0,6985 га. Балл бонитет – 8. |
298,2985 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
13 |
Талшынды, егістік -162,0 га, жайылым -194,6 га, дала жолдары – 0,4045 га. Балл бонитет – 13. |
357,0045 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
14 |
Талшынды, шабындық -7,0 га, жайылым -353,4 га, ТЖ жайылым -66,0 га. Балл бонитет – 6. |
362,1282 |
10 |
Петровка а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
15 |
Талшынды, егістік -287,0 га, жайылым -12,0 га, дала жолдары – 0,7492 га. Балл бонитет – 27. |
299,7492 |
10 |
Шешенқара а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
Конкурсты ұсыныста:
агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2024 жылдың 16 мамыр сағат 10.00-ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсанындағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының талаптарына сәйкес өткізіледі.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А (2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8(72154) 79024, 53618, электронды мекенжайы gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru.
Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar, "конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары" бөлімінде.