АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы
12 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 6 маусым сағат 10.00-де, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Казыбек би 52 мекенжайы бойынша орналасқан Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің МҮ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2024 жылғы 13 мамырдан бастап 2024 жылғы 31 мамыр сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А ( 2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.
Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:
|
Лоттың № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитеті) |
Алаңы, |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері
|
Су қамтамасыз ету |
Аймақтың шаруашылығы мамандандыру |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Талшынды, жайылым – 44,5 га, ТЖ жайылым -15,5 га, дала жолдары – 0,4536 га. Балл бонитет – 27. |
44,9536 |
10 |
Қаражар а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
2 |
Талшынды, жайылым -47,0 га, дала жолдары - 0,2639 га. Балл бонитет – 29. |
47,2639 |
10 |
Қаражар а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
3 |
Талшынды, жайылым -31,0 га, ТЖ жайылым -25,0 га, дала жолдары -0,1571 га. Балл бонитет – 40. |
31,1571 |
10 |
Қызылқаина/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
4 |
Талшынды, жайылым-58,0 га, дала жолдары – 0,2835га. Балл бонитет –14. |
58,2835 |
10 |
Тұзды а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
5 |
Талшынды, жайылым – 78,9 га, дала жолдары – 0,4499 га. Балл бонитет – 29. |
87,8917 |
10 |
Тұзды а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, жайылым – 35,6 га, ТЖ жайылым -17,0 га, дала жолдары – 0,4255 га. Балл бонитет – 12. |
36,3255 |
10 |
Қызылқаина/о |
Қамтамасыз етілген |
Мал шаруашылығы |
|
7 |
Талшынды, жайылым – 100,4 га, ТЖ жайылым -33,0 га, дала жолдары – 0,5839 га. Балл бонитет – 22. |
100,9839 |
10 |
Қызылқаина/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Мал шаруашылығы |
|
8 |
Талшынды, егістік-148,0 га, жайылым – 8,4 га, дала жолдары – 0,1822 га. Балл бонитет – 15. |
156,5822 |
10 |
Қызылқаина/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
9 |
Талшынды, егістік-49,5 га, дала жолдары – 0,4614 га. Балл бонитет – 24. |
49,9614 |
10 |
Қарақұдық а |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
Конкурсты ұсыныста:
агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2024 жылғы 6 маусым сағат 10.00-ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсанындағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының талаптарына сәйкес өткізіледі.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би к-сі 60 А (2 қабат, «Бұқар Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8(72154) 79024, 53618, электронды мекенжайы gu_otdel-zem.otnosheni@mail.ru.
Учаскелердің схемалары сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar, "конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің орналасу схемалары" бөлімінде.