АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 01 сәуір сағат 09.00-ден бастап 12 сәуір сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 100 құрылыс Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының 2 қабаты Ұйғыр ауданының «Жер қатынасары бөлімі» ММ-і 15 кабинеті мекен жайынан алуға болады.
Конкурс 2024 жылдың 15 сәуір сағ 10:00, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді, Мекен-жайы: Шонжы а/о, Раджибаев көшесі №73
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі
|
Лоттың нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округ)
|
Жер учаскесінің алқап түрі |
Көлемі, га |
Бонитет балы |
Сумен қамтамасыз етілуі
|
Топырақтың сапалық сипаттамасы
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы және қалай пайдалануы бойынша |
|
1 |
Қалжат а/о, МБЖ |
жайылымдық |
20 |
10 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал шаруашылығын дамыту |
|
5 |
Кіші Дихан а/о, МБЖ |
жайылымдық |
20 |
10 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал шаруашылығын дамыту |
|
6 |
Кіші Дихан а/о, МБЖ |
жайылымдық |
20 |
10 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал шаруашылығын дамыту |
|
12 |
Дардамты а/о, Добын часкесі |
Суармалы егістік |
2 |
25 |
қамтылған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Дәнді дақыл |
|
32 |
Үлкен Ақсу а/о, Үлкен Ақсу учаскесі |
жайылымдық |
20 |
10 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал шаруашылығын дамыту |
|
33 |
Сүмбе а/о, Қарадала учаскесі |
жайылымдық |
20 |
10 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал шаруашылығын дамыту |
|
38 |
Қырғызсай а/о, Рахат Жалғамыс учаскесі |
Шабындық |
2 |
8 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал азығын дайындау |
|
39 |
Қырғызсай а/о, Рахат Жалғамыс учаскесі |
шабындық |
2 |
8 |
қамтылмаған |
Сұр топырақты ашық және қарапайым |
Мал азығын дайындау |
|
51 |
Шонжы а/о, Қалғантам учаскесі |
жайылымдық |
20 |
10 |
қамтылмаған |
Сұр қоңыр |
Мал шаруашылығын дамыту |
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында және "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 тамыздағы №281 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі.
Құжаттар Ұйғыр ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-не тапсырылады; Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 100 құрылыс. Қосымша ақпарат алу үшін \872778\21386, 24344 телефондарға қоңырау шалу керек:
Сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегі конкурсна қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.