АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. 2024 жылғы 18 сәуірден бастап 2024 жылғы 13 мамырға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.
Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 85, 2-қабат, Уәлиханов ауданы әкімдігінің ғимараты, отырыс залында 2024 жылдың 14 мамырдағы 10 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелері шығарылады.
Конкурстың шарттары:
Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста болу керек:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.
Конкурстық өтінімдер «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-не 2024 жылғы 13 мамыр сағат 18:30-дан кешіктірмей: 151200, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 85, мекенжайы бойынша қолма-қол, веб-портал арқылы немесе пошта арқылы беріледі.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Уәлиханов ауданы әкімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov, «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ozo, сайтында немесе 8 (71542) 21-6-53 телефон бойынша алуға болады.
|
Лотың № |
Алқаптардың құрамы, ауданы га |
Жалпы алаңы, га |
Балл бонитеті |
Жалдау мерзімі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы |
|
Ақбұлақ ауылдық округі |
||||||||
|
1 |
егістік – 135 га |
135 |
28,6 |
10 жыл |
Қарашілік а. 15-162-022 |
оңтүстік қара топырақ |
қанағаттанарлық |
өсімдік шаруашылығын дамыту |
|
2 |
табиғи жайылымдар -2 га |
49 |
39,1 |
10 жыл |
Ақбұлақ а. 15-162-031 |
оңтүстік қара топырақ |
қанағаттанарлық |
мал шаруашылығын дамыту |
|
жақсартылған жайылымдар -45 га |
||||||||
|
басқа жер - 2 га |
||||||||
|
Қарасу ауылдық округі |
||||||||
|
3 |
табиғи жайылымдар – 1494 га |
1500 |
21,1 |
10 жыл |
Аққұдық а. 15-162-043 |
оңтүстік қара топырақ |
қанағаттанарлық |
мал шаруашылығын дамыту |
|
су асты – 1 га |
||||||||
|
жолдар - 5 га |
||||||||
|
4 |
табиғи жайылымдар – 1310 га |
2582 |
29,4 |
10 жыл |
Аққұдық а. 15-162-043 |
оңтүстік қара топырақ |
қанағаттанарлық |
мал шаруашылығын дамыту |
|
жақсартылған жайылымдар -1244 га |
||||||||
|
батпақты жер – 22 га |
||||||||
|
жолдар- 6 га |
||||||||
|
5 |
табиғи жайылымдар – 550 га |
3157 |
9,8 |
10 жыл |
Жарықопа а. 15-162-047 |
оңтүстік қара топырақ |
қанағаттанарлық |
мал шаруашылығын дамыту |
|
жақсартылған жайылымдар – 736 га |
||||||||
|
жолдар – 14 га |
||||||||
|
су асты – 1790 га |
||||||||
|
басқа жер – 67 га |
||||||||
|
бөтен жер пайдаланушылар – 0,6 га |
||||||||
|
Телжан ауылдық округі |
||||||||
|
6 |
егістік – 442 га |
443 |
29,9 |
10 жыл |
Көбенсай а. 15-162-027 |
кәдімгі қара топырақ |
қанағаттанарлық |
өсімдік шаруашылығын дамыту |
|
жолдар – 1 га |
||||||||
|
бөтен жер пайдаланушылар – 0,3 га |
|
|||||||
|
7 |
егістік – 270,5 га |
271 |
38,3 |
10 жыл |
Көбенсай а. 15-162-027 |
кәдімгі қара топырақ |
қанағаттанарлық |
өсімдік шаруашылығын дамыту |
|
жолдар – 0,5 га |
||||||||