Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыруға арналған жалпы конкурс бойынша
2023 жылғы 14 қыркүйектегі Конкурстық комиссияның қорытынды отырысының № 41 хаттамасынан үзінді
Ұсынылған құжаттарды және өткізілген әңгімелесудің нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша, Конкурстық комиссия келесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Комисссияның оң шешімін алған үміткерлердің жоқтығына байланысты, келесі бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялансын:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті директорының орынбасары,
- Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 9 қазанға дейін),
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғаммен байланыс департаменті қоғаммен байланыс басқармасының бас сарапшысы,
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті АӨК-ні цифрландыру басқармасының сарапшысы.