Меню

Страницы

Статья

«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 152-бабына сәйкес, «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.

Қаулының жобасымен жерді экономикалық бағалау мен оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулер мен топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу функцияларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алып беру арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп - қарау жұмыстарың жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құру көзделген.  Сондай-ақ, Жобада осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға біріктіру және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру да қарастырылған.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу, топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу, топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу, өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау, топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу, өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау, жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу, сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу, топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету, суармалы жерлерді агромелиорациялық зерттеп-қарау, олардың бар-жоғы мен пайдаланылуын мониторингтеу, суармалы жерлердегі жерасты суларының деңгейлік-тұздылық режиміне гидрогеологиялық байқаулар ұйымдастыру және жүргізу, суармалы жерлерде топырақ-мелиорациялық ізденістер мен зерттеп-қараулар жүргізу, коллекторлық-дренаждық сулардың ағысын айқындау және суару, жер астындағы және коллекторлық-дренаждық сулардың химизмін байқау, мемлекеттік байқау ұңғымаларының желісін бұрғылау мен жабдықтауды, топографиялық-геодезиялық, зертханалық және басқа да зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттама әзірлеу, суармалы жерлердің топырақ-мелиорациялық және тұздылық түсірілімін жүргізу, жерасты суларының деңгейіне гидрорежимдік байқаулар жүргізу, топырақ пен суға олардағы тұздың мөлшеріне талдаулар жүргізу, жер бетіндегі және жер астындағы суларға ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу, байқау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымаларды бұрғылау бойынша болып белгіленсін.

Қаулының жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
16 июня 2023
Дата обновления
16 июня 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы