Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С.К. Омаровтың ҚР Үкіметінің отырысында «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы» мәселесі бойынша баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

1-слайд. Бастапқы бет.

Ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының 2020 жылға арналған құрылымы

2-слайд.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн. гектар алаңға егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден
238 мың гектарға көп.

Бұл ретте импорттың орнын басу үшін жоғары рентабельді дақылдар пайдасына егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылады.

Осылайша, ағымдағы жылы майлы дақылдардың алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдарының - 10 мың гектарға, бақша дақылдарының - 1,5 мың гектарға, картоп - 7,8 мың гектарға, азықтық дақылдардың -
308,6 мың гектарға, қант қызылшасының алаңы 2,4 мың гектарға ұлғаяды.

Бұл ретте, дәнді дақылдар алаңы 14,9 млн. гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем.

Көктемгі егін жұмыстарының барысы

3-слайд.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын егу республиканың барлық аймақтарында жүргізілуде. Атап айтқанда, дәнді және дәнді–бұршақты дақылдар 9,6 млн. гектарға немесе жоспарланған алаңның 65%-ына, майлы дақылдар 2,3 млн. гектарға (76%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың гектарға (85%), қант қызылшасы 20,5 мың гектарға (93%), мақта 118 мың гектарға (100%), көпжылдық шөптер 352 мың гектарға (100%) егілді.

Бұл ретте, оңтүстік өңірдегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға жақын.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде, әсіресе бұл Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты.         

Осыған байланысты себуді оңтайлы мерзімде аяқтау үшін әрбір жаймашуақ күнді барынша жемісті пайдалану, тұрып қалуды болдырмау және мүмкін болған жағдайда, агрегаттардың екі ауысымдық жұмысын ұйымдастыру арқылы өнімділікті арттыру шараларын қабылдау қажет.

 Тұқыммен қамтамасыз етілу

4-слайд.

2020 жылдың астығына республика бойынша егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн. тонна тұқым дайындалды, бұл тұқымдық материалға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні барлық тұқымдар тексерілді, олар 100% кондицияға сәйкес келеді.

Жоғары репродукциялы тұқымдар 99% құрайды, оның ішінде 1-2-сыныпты егіс стандартына 1,2 млн. тонна кондициялық тұқымдар, 3-сыныбына 400 мың тонна сәйкес келеді.

Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына осы бағыттағы жұмысты күшейту керек.

 Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз етілу

5-слайд.

Тыңайтқыштар

Ауыл ашруашылығы даықлдарының өнімділігін жоғарылатуына әсер ететін факторлардың бірі - минералды тыңайтқыштарды ғылыми ұсыныстарға сәйкес енгізу болып табылады. Бірақ, өкінішке орай,  бүгінгі күні 2,5 млн. тонна қажеттілік кезінде республикада шамамен 500 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізіледі.

Тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту мақсатында 2020 жылы 26,2 млрд. теңге сомасында субсидия қарастырылған, бұл ретте ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 23,3 млрд.теңгеге қоса 2,8 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінді, бұл шамамен 522 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық.

26 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна тыңайтқыш (жоспардың 76%-ы) жеткізілді, өңірлердегі сақтау қоймаларында қосымша шамамен 31,8 мың тонна тыңайтқыш бар. Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Тыңайтқыштарды енгізудің жоспарға сай серпіні Қызылорда облысында байқалады, онда енгізілетін минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген норманың 93%-н, Солтүстік Қазақстанда 36%-ды және Түркістан облысында 27% құрайды.

Басқа облыстарды тыңайтқыш қолданудың төмен деңгейі байқалады, осыған байланысты барлық облыс әкімдіктеріне осы жағдайға ерекше көңіл бөлуді және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыштарды сатып алу көлемін арттыруды ұсынамыз.

Өзіңіз білетіндей, 2018 жылы тыңайтқыштарға субсидия алу үшін агрохимиялық картограммалардың болуы туралы талап енгізілген болатын.Шаруалар тарапынан білдірілген көптеген өтініштер есепке алынып, бұл талап 2021 жылға дейін кейінге қалдырылды. Біз шаруалардың дайындалуы үшін және топырақтың нақты агрохимиялық жай-күйін ескере отырып тыңайтқыштар қажет болған жерде ғана енгізілуі үшін уақыт (2 жыл) бердік.

Осы уақыт ішінде топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу бойынша қызмет көрсететін, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтары бар жаңа аккредиттелген зертханалар ашылды.

Зерттеу жүргізу үшін уақыт жеткілікті болды, осыған байланысты облыстар әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында 2021 жылы және одан кейінгі жылдары субсидия алу үшін топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау қажеттігі туралы тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Пестицидтер

Жергілікті облыстар бюджеттерінде пестицидтерді субсидиялауға 2020 жылға 37 млрд. теңге көзделген, бұл шамамен 16,6 млн. литр пестицидті субсидиялауға мүмкіндік береді.

Алғашқы рет гербицидтер ғана емес, сонымен қатар фунгицидтер мен инсектицидтер де субсидияланатын болады.

Жалпы бұл егістіктің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Жанар-жағармаймен қамтамасыз етілу

6-слайд.

Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ақпан-маусым айлары мезгіліне 395 мың тонна дизель отыны бөлінді.

26 мамырдағы жағдай бойынша бекітілген Кесте бойынша 314 мың тонна немесе барлық көлемнің 80%-ын жеткізу бойынша шарттар жасалды, оның ішінде өңірлерге 259 мың тонна (65%) тиеп-жөнелтілді.

Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы

7-слайд

Ауыл шаруашылығы құралымдарында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының қажетті саны бар.

Жыл сайын машина-трактор паркін жаңарту бойынша және егіс техникасының заманауи түрлерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы жаңарту қорытындылары слайдта көрсетілген.

Министрлік облыстар әкімдіктерімен бірлесіп, карантиндік режимнің қолданылу уақытында сервистік қызметтердің, сондай-ақ жөндеу бригадаларының кедергісіз қозғалуына қатысты барлық мәселелерді пысықтағанын атап өткім келеді.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру

8-слайд.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлінді. Қаражат республиканың 2,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушісіне беріліп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бағытталды.  

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд. теңге бөлінді.

26 мамырдағы жағдай бойынша 19,1 млрд. теңгеге 331 өтінім қабылданды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру жұмыстары басталды.

24,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оған бидай, арпа, майлы дақылдар және қарақұмық сияқты дақылдар сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта 21,5 млрд теңгеге өтінім қабылданды.

Қамтамасыз ету ретінде екінші деңгейдегі банктердің де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың да кепілдіктері қабылданады. Бұл фермерлердің өтімді кепілдерінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін қолда бар барлық ресурстар мен құралдар пайдаланылуда, бұл көзделген жұмыстарды оңтайлы аграрлық мерзімдерде аяқтауға алғышарттар туғызады.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
26 мая 2020
Дата обновления
26 мая 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы