Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.
Қаулының жобасымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 32,3 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау елді мекеннің шекарасын (шегінің) өзгерту үшін.
Қаулының жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.