«Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

НЫСАН

1.      

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

2.      

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

3.      

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

2025 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Заң) «отандық» сөзін «қазақстандық» сөзімен ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты қағидаларды көрсетілген Заңға сәйкес келтіру қажеттілігі туындады.

4.      

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

«Отандық» сөзін «қазақстандық» сөзімен ауыстыру.

5.      

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Мақсаты – нормативтік құқықтық актіні Заң нормаларына сәйкес келтіру.

Күтілетін нәтижелер мерзімі – 2025 жыл және одан кейінгі жылдар.

6.      

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жоба қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді және қолданыстағы Қағидаларға редакциялық түзетулер енгізеді.

 

«Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
20 июня 2025