«Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының                          4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерінің нәтижелері (карталар мен картограммалар) жұмыстар орындалған жылдан кейінгі жылдың                            31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының  ақпараттық жүйесіне енгізіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Топырақ іздестірулер бойынша дала жұмыстары басталғанға дейінгі дайындық кезеңінде «Жерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары Жер кодексінің 71-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат алады.»;

9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) картографиялық: қағаз және цифрлық тасығыштардағы фотожоспарлар, аэрофотосуреттер, ғарыштық суреттер, ақпараттық жүйенің деректері;»

17-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) контурлар бойынша ведомості толтыру.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Далалық топырақ іздестірулер ауылдық округтің немесе елді мекеннің (ауылдың, кенттің) жергілікті атқарушы органы жұмыстарды (барлық санаттағы жерлердің бар-жоғы, өсірілетін дақылдар және органикалық-минералды тыңайтқыштар енгізу туралы ақпарат алу) ұйымдастырумен және жүргізумен байланысты мәселелерді талқылай отырып, топырақ іздестірулерінің басталғаны туралы хабардар етілгеннен кейін басталады.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Негізгі кескіндер топырақтың толық бейінін зерделеу үшін неғұрлым типті орындарда салынады және кескіннің жалпы тереңдігі кемінде 80 (сексен) сантиметр және 200 (екі жүз) сантиметрден аспайтын, алдыңғы қабырғасының ені 60 (алпыс) сантиметрге дейінгі барлық қат-қабаттар мен аналық жыныстың үстіңгі бөлігін 10 (он) сантиметр ашады. Кескінде қиыршық тас, тығыз жыныстар немесе су болған жағдайда, негізгі топырақ кескінінің тереңдігі тығыз жыныстың ашылу тереңдігімен немесе судың пайда болуымен шектеледі.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Жартылай шұңқырлар негізгі кескіндер сияқты типтік жерлерде салынады және топырақ типтерін және олардың кеңістіктегі түрленуін анықтауға қызмет етеді. Аналық жыныс басталғанға дейін барлық топырақ горизонттары ашылады.  Жартылай шұңқырлардың тереңдігі 80 (сексен) сантиметрден бастап топырақ түзуші жыныс 10 сантиметрге ашылғанға дейін ауытқиды, ені кемінде      60 (алпыс) сантиметр болады.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Қазбалар кескіндердің жалпы тереңдігі кемінде 50 (елу) сантиметр болғанда негізгі кескіндермен және жартылай шұңқырлармен анықталған және сипатталған жекелеген топырақ контурларының шекараларын нақтылау үшін қызмет етеді. Қазбалармен 2-3 (ек-үш) негізгі қат-қабатты ашу топырақтардың жекелеген тектік және түрлік белгілерін (қарашірік қат-қабатының қалыңдығы, карбонаттылық, кебірлілік, сортаңдық) айқындауға мүмкіндік береді.»;

мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

«32-1. Орындаушының контурлар бойынша ведомості толтыруы топырақ картасына түсініксөздер жасауға қажетті дала жұмыстарының соңғы кезеңі болып табылады, онда топырақ шифрлары бар контурлар, кескіндер, жартылай шұңқырлар мен қазбалар нөмірлері, жерлердің санаттары мен сыныптары (топырақтың агроөндірістік топтамасы), бедер, өсімдік жамылғысы, жерді қазіргі заманғы пайдалану, сондай-ақ осы Әдістемеге 7-1 және 7-2-қосымшаларда ұсынылған басқа да сипаттамалар көрсетілген.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Негізгі кескіндерде, жартылай шұңқырларда және қазбаларда   топырақтың морфологиялық белгілерін сипаттау  осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес топырақтың морфологиялық белгілерінің қысқартылған индекстерімен келтіріледі.»;

5-параграфпен толықтырылсын:

«5-параграф. Топырақтық сызықтық іздестірулер»

мынадай мазмұндағы 123-130-тармақтармен толықтырылсын:

«123. Топырақтық сызықтық іздестірулер жолдар, мұнай-газ құбырлары, су құбырлары, каналдар, электр беру желілері құрылысының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес өнеркәсіптік алаңдар мен трассаларда орындалады.

Жүргізілген іздестірулер нәтижелері бойынша топырақтың құнарлы және ықтимал құнарлы қабатын анықтау үшін топырақ карталары мен картограммалар жасалады.

Алынған деректер топырақтың құнарлы қабатын алу және үю бойынша жұмыс жобаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

  1. Топырақтық сызықтық іздестірулер қолда бар материалдарды, оның ішінде бұрын орындалған іздестірулер материалдарын жинап, зерделеп және жинақтап қорытындылағаннан кейін жүргізіледі.

Жиналған материалдарды жинақтап қорытындылау және талдау нәтижесінде бағдарлама жасалып, іздестіру және зертханалық жұмыстардың көлемі белгіленеді.

Іздестіру жұмыстарының технологиясы ірі масштабты топырақ іздестірулеріне ұқсас.

  1. Іздестірулер масштабы тапсырыс берушінің келісуі бойынша топырақ жамылғысының күрделілігіне байланысты 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10000 белгіленеді.
  2. Өнеркәсіптік алаңдарда топырақ кескіндері стандартты тор немесе профильдер бойынша салынады.

Бір топырақ кескініне келетін гектарлар саны осы Әдістемеге 53-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік алаңдарда іздестірулер масштабына айқындалады.

  1. Кез келген түрдегі магистралдар: автомобиль жолдары, теміржолдар, су бұру жүйелері, су құбырлары, инженерлік коммуникациялардың өзге де желілері; мұнай-газ өнеркәсібі объектілері (мұнай, газ, басқа заттарды тасымалдайтын құбырлар); байланыс, электр беру желілері, сондай-ақ кабель арналары; суару, көлік, каналдар, өзге де жасанды су жолдары; едәуір ұзындығымен сипатталатын басқа құрылысжайлардан тұратын желілік іздестірулер кезінде топырақ кескіндері трассаның ось сызығының бойымен салынады. Топырақ кескіндері арасындағы қашықтық осы Әдістемеге 54-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Топырақтық сызықтық іздестірулерді жүргізудің күрделілік санаты осы Әдістемеге         55-қосымшаға сәйкес айқындалады.
  2. Топырақ кескіндерінің тереңдігі топырақтың құрамына және басқа қасиеттеріне, топырақ-құнарлы қабаттың қуатына байланысты және егер ыза сулар, сусыма құмдар немесе тығыз жыныстар (шақпатасты және үгінді-малтатасты шөгінділер) өтуге кедергі жасамаса, 0,8-2,0 метр болуы мүмкін.
  3. Топырақтың физикалық-химиялық және химиялық қасиеттерін сипаттау үшін топырақтың 30% кескіндерінен зертханалық зерттеулерге топырақ сынамалары алынады.
  4. Топырақтың құнарлы қабатын алу және үю жобаларын негіздеу мақсатында топырақтық сызықтық іздестірулер жүргізілген жағдайларда, топырақты талдаудың түрлері МемСТ 17.4.2.02-83 2023 ж. өзектендіру; МемСТ 17.5.3.06-85 және тиісті әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.».

6-параграфпен толықтырылсын.

«6-параграф. Топырақтың жел эрозиясы байқалатын аудандарда топырақтық эрозиялық іздестірулер жүргізу және эрозияға қарсы іс-шаралар жасау».

мынадай мазмұндағы 131-192-тармақтармен толықтырылсын:

«131. Топырақтық-эрозиялық іздестірулер жел эрозиясы процестері күшейген және оның көрінуінің ықтимал қаупі бар республика аумағының жазық бөлігіндегі жерлердің барлық санаттарында жүргізіледі.

  1. Топырақтың тозу қаупі жоғары негізгі табиғи аймақтар:

шөлдер мен шөлейттер, мұнда құмның көп мөлшерін тасымалдайтын дефляциялар болады, соның есесінен үлкен құм төбелер пайда болады және үнемі қозғалыста болады;

онша тығыз орналаспаған аласа бойлы ағаштар, шөптер мен бұталар басым болатын дала. Жиі болатын құрғақшылық пен жауын-шашынның аз болуы желдің шаңды оңай көтеруіне және көшіруіне мүмкіндік береді;

беткейлерінде жердің беткі қабатын бұзатындай қатты жел болып тұратын төбелер мен таулар;

өсімдіктері аз болғандықтан, құнарлы қабатты шайып кететіндей күшті ауа массалары бар ормансыз учаскелер;

құрлықтан суға және керісінше бағытын өзгерте алатын  үнемі жел соғып тұратын жағалаулар, мұндай жерлерде ауыл шаруашылығын жүргізу өте қиын.

  1. Ауыл шаруашылығы алқаптарының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, үдемелі жел эрозиясы, аумақтың шөлейттенуі топырақтық эрозиялық іздестірулер жүргізу қажеттілігін туғызады.

Анықталған эрозияға ұшыраған жерлерде құнарлылықты қалпына келтіру, экологиялық теңдестірілген, өнімділігі жоғары және тұрақты агроландштейндерді қалыптастыру үшін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға топырақты жел эрозиясынан қорғау проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін эрозияға қарсы кешенді іс-шаралар көзделеді. 

  1. Топырақтың жел эрозиясы – бұл үш кезеңнен тұратын күрделі процесс: топырақтың бұзылуы, бұзылу нәтижесінде пайда болған өнімдердің эрозияға ұшыраған аумақтан көшуі және шөгуі. Топырақтың ең жұқа қабаттары атмосфераның жоғары қабаттарына көтеріліп, біраз жерге апарылады, ал бұзылу нәтижесінде пайда болған өнімдердің көп бөлігі эрозияға ұшыраған жерге көшеді. Салмақтық қатынаста бөлінетін бөліктің үлесі аз және қоректік заттардың құрамы бойынша жоғары бағалы. Желмен жер бетінде қозғалатын ұсақ топырақ әртүрлі кедергілерде тұрып қалады, бедердің шұңқырларын толтырады, төмпешіктер, дөңестер сияқты өзіндік эолдық формаларды құрайды.
  2. Дефляциялық аумақтар аумақтың табиғи ерекшеліктерінің барлық кешенін, оның шаруашылыққа пайдаланылуын және топырақтың жел эрозиясына төзімділік дәрежесін талдау негізінде бөлінеді. Бұл ретте дефляциялық қауіп 3 санатқа бөлінеді:

1) I санат – ауыр және орташа механикалық құрамдағы карбонатты топырақтары бар учаскелер, сондай-ақ жеңіл сазды топырақтары бар учаскелер;

2) II санат – құмды сазды топырақтары бар учаскелер;

3) III санат – құмды топырақтары мен құмдары бар учаскелер.

Дефляциялық қауіптілік санатының сыныбы осы Әдістемеге 57-қосымшада келтірілген.

  1. Ықтимал қауіптілігіне қарай топырақтың жел эрозиясы үш дәрежеге бөлінеді: әлсіз, орташа және күшті.

Топырақтың эрозиялану дәрежесі және әртүрлі механикалық құрамның эрозияға төзімділігі бойынша диагностикалық белгілер осы Әдістемеге               59,60-қосымшаларда келтірілген.

  1. Топырақтың жел эрозиясы болып тұратын аудандарда топырақтық-эрозиялық іздестірулер жүргізу және эрозияға қарсы іс-шаралар жасау Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 139, 140-баптарының негізінде әзірленеді.
  2. Топырақтық-эрозиялық іздестірулерде топырақтың бұзылу дәрежесі мен жылдамдығы анықталады, дефляциялық процестердің таралу шекаралары айқындалады.
  3. Эрозияға қарсы іс-шаралар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде топырақты қорғау технологияларын әзірлеуді, сүрі жерлерді жолақтап орналастыруды, топырақты қорғайтын ауыспалы егістерді, құмды топырақты қадағалауды қамтиды, бұл көріну жиілігін және топырақтың жел эрозиясымен қамтуды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
  4. Топырақтық-эрозиялық іздестірулерді «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары топырақ іздестірулер жүргізілетін аумақтарда және (немесе) олармен бір мезгілде сол масштабта жүргізеді.
  5. Эрозияға қарсы іс-шараларды құрамы топырақтанушыдан, жерге орналастырушыдан және агрономнан тұратын мамандар тобы қарайды.
  6. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мынадай құжаттар жасалады және тапсырыс берушіге беріледі:

- топырақтың жел эрозиясының картограммасы;

- топырақтың жел эрозиясынан ұсынылатын топырақты қорғау шараларының картограммасы;

- түсіндірме жазба.

  1. Топырақтық-эрозиялық іздестірулер бойынша жұмыстар дайындық, далалық және камералдық кезеңдерден тұрады.

6.1. Дайындық кезеңі.

  1. Дайындық кезеңінің жұмыстары іздестіруге алдын ала белгіленген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде жүргізіледі. Осы кезеңде мынадай материалдар таңдалады және дайындалады:

қағаз және цифрлық тасымалдағыштардағы картографиялық фотожоспарлар, аэрофотосуреттер, ғарыштық суреттер, ақпараттық жүйенің деректері;

зерттеп-қарау масштабында егжей-тегжейлі түсініксөздерімен топырақ контурлары салынған жер пайдалану жоспарының көшірмесі;

бірдей масштабтағы немесе одан үлкен масштабтағы соңғы суреттердің горизонтальдары бар көлеңкелі фотожоспарлар;

жерді пайдалану, егістердің жай-күйі және эрозия көріністері туралы деректер (55-қосымша);

эрозияға ұшыраған топырақтың карталары-схемалары.

  1. Жер пайдалану жоспарына эрозияға ұшыраған, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар өткен барлық жылдар ішінде тіркеген учаскелер жазылады.

Материал болмаған кезде жерді пайдалану жоспарында осы Әдістемеде       56-қосымшаға сәйкес сауалнамалар мен мәліметтер негізінде әр түрлі дәрежеде топырақтың жел эрозиясына ұшыраған учаскелер схема түрінде бөлінеді.

Барлық жиналған материалдардың негізінде топырақтың жел эрозиясының басты ошақтары анықталады, олар жерді пайдалану картасына түсіріледі және далалық зерттеп-қарау кезінде бағдар болады.

6.2. Далалық кезең.

  1. Далалық ірі масштабты (М 1:1000 және 5000 дейін егжей-тегжейлі түсірілімдер) жер учаскелерін топырақтық-эрозиялық іздестіру мынадай жұмыс элементтерінен құралады:

- аумақпен жалпы маршруттық (барлау) танысу;

- зерттеп-қарау сәтінде топырақтың жел эрозиясы нақты көрінген контурларды бөлу;

- жел эрозиясының ықтимал қаупін анықтау үшін топырақ үлгілерін іріктеу.

  1. Аумақты барлау жұмыстарын топырақтанушы жер учаскесінің меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен бірлесіп жүргізеді.

Барлап танысқаннан кейін топырақтық-эрозиялық жұмыс жүргізіледі, оның барысында жел эрозиясының көріну белгілері және оның көрінуінің ықтимал қауіптілігі бар топырақ контурлары жасалады.

  1. Анықталған контурлардың шекаралары жерді пайдалану жоспарында және журналда сипатталған картографиялық негізде тіркеледі.
  2. Әр контурда шартты белгімен топырақтың жел эрозиясының көріну дәрежесін көрсетеді, ол профильдің морфологиялық сипаттамасы және жел эрозиясы көрінгеннен кейін пайда болған микробедер эолдық формаларын бақылау, ұсақ топырақты шөгу және шығару қуатын, өсімдік жамылғысының күйін анықтау негізінде белгіленетін.
  3. Эрозия дәрежесі жеңіл топырақтарда сұрыпталған және көшкен құмның немесе ауыр топырақтарда микро агрегаттардың шөгу сипаты бойынша анықталады.
  4. Ұсақ топырақтың шөгу сипаты екі көрсеткішпен көрінеді: ұсақ топырақ төмпешіктері ауданы және шөгінділер қабатының қалыңдығы.
  5. Эрозия аз дәрежеде көрінгенде жекелеген шөгінділердің қалыңдығы 5 сантиметрге дейін жетеді, кейбір жерлерде эолдық төмпешіктер байқалады;

эрозияның орташа дәрежесінде жердің беті немесе оның көп бөлігі сұрыпталған шөгінділермен жабылады, кедергілердегі төмпешіктер                               20 сантиметрден аспайды;

эрозия күшті көрінгенде шөгінділердің жалпы фонындағы төмпешіктердің биіктігі 20 сантиметрден асады.

  1. Топырақтың эрозиялану дәрежесі осы Әдістемеде 49-қосымшаға сәйкес А+В1 немесе А горизонттарының қуатын азайту бойынша да айқындалады.

Топырақтың қуатын салыстыру алдыңғы жылдарда зерттеп-қаралған топырақ карталарында анықтап көрсетілген ұқсас топырақ түрлерімен немесе сақталған тың учаскелердегі топырақ қуатымен жүзеге асырылады.

  1. Эрозиялану дәрежесі осы Әдістемеде 50-қосымшаға сәйкес топырақ салмағына диаметрі кемінде 1 мм болатын агрегаттар фракцияларының (кесектер) санымен өлшенеді.
  2. Эрозияға төзімділігі бойынша әртүрлі механикалық құрамдағы топырақты топтастырудың негізіне осы Әдістемеде 51-қосымшаға сәйкес физикалық саздың құрамы пайызбен алынды.
  3. Эрозияға қарсы іс-шараларды әзірлеу мақсатында топырақты зерделеу алаңдық түсіру әдісімен жүзеге асырылады.
  4. Топырақтың жел эрозиясының картограммасы топырақ контурларының шекаралары мен олардың индекстерін сақтай отырып, топырақ картасының көшірмесінде жасалады.

Топырақтың жел эрозиясы картограммасына түсініксөздер 60-қосымшаға сәйкес жасалады.

  1. Қазбалардың, жартылай қазбалардың жалпы саны, олардың жиілігі эрозия көрінісінің сипатымен анықталады, эрозия дәрежесі жоғарылаған сайын қазу нүктелері торы жиілейді. Бұл ретте егістік алқаптарда бір нүкте алаңға қойылады: әлсіз эрозияланғандар үшін – 150 га; орташа эрозияланғандар үшін – 100 га, күшті эрозияланғандар үшін – 50 га.

Көптен өңделмеген егістік жерлерде сәйкесінше 400, 300, 200 га алаңда бір нүкте қойылады.

  1. Жартылай қазылған шұңқырларда барлық топырақ горизонттары аналық қабатқа дейін ашылады. Жартылай шұңқырдың тереңдігі 0,8-ден 1,2 м дейін болады.

Қазбаларда негізгі генетикалық горизонттар ашылады, олардың тереңдігі  0,4-0,8 м .

  1. Топырақтың әрбір айқындалған контуры эрозиялану дәрежесі бойынша аналитикалық мәліметтермен расталады.
  2. Аралас топырақ үлгілерін іріктеу нүктелері олардың реттік нөмірі қойылатын далалық картаға бекітіледі. 3-5 нүктеден бір аралас үлгі алынады.
  3. Жұмарлану процентін анықтау жеңіл саздақтардан бастап және одан да ауыр топырақтарда былайша жүргізіледі: орташа үлгі 0-5 және 5-10 см қабаттар бойынша кемінде 5 нүктеден іріктеледі. Үлгі ауа-құрғақ күйге дейін жеткізілгеннен кейін 1 мм саңылаулары бар жабық елек арқылы далада еленеді.

Диаметрі 1 мм үлкен електе еленгеннен кейін қалған кесектер өлшенеді және процентпен үлгінің салмағына жатқызылады.

Талдау төрт рет қайталанады, яғни бір нүктеде 0-5 қабаттан 4 және 5-10 см қабаттан 4 үлгі алынады.

  1. Қазындылардан 0-10, 10-20, 20-30 см қабаттарды ұстана отырып, генетикалық горизонттардан зертханалық талдауларға үлгілер алынады, ал жартылай шұңқырлардан қосымша төменгі горизонттардан алынады.
  2. Зертханада мынадай талдаулар жүргізіледі: Качинский бойынша механикалық және микроагрегаттық құрам; СО2 (карбонатты топырақтар үшін); Тюрин бойынша қарашірік (гумус).
  3. Далалық зерттеп-қараулар және дайын материалдар негізінде топырақтық-эрозиялық картограмма жасалады.

6.3. Камералдық кезең

  1. Камералдық кезеңде далалық және зертханалық зерттеулер, алдыңғы топырақтық зерттеп-қарау материалдары, сондай-ақ дайындық кезеңінде жиналған деректер негізінде мынадай құжаттар жасалады:

- топырақтық-эрозиялық картограмма;

- эрозияға қарсы топырақты қорғау іс-шараларының картограммасы;

- түсіндірме жазба (очерк).

  1. Топырақтық-эрозиялық картограмманы жасау және ресімдеу. Топырақтық-эрозиялық картограммада жел эрозиясына ұшыраған барлық топырақ сорттарының контурлары эрозия дәрежесі мен эрозияға төзімділігі бойынша сызылады.

Топырақтық-эрозиялық контурлардың, сондай-ақ эрозияға төзімділік контурларының шекаралары қалыңдығы 0,3 мм сызықпен көк тушьпен сызылады.

Эрозиялану және әлеуетті эрозиялану қауіптілігінің дәрежелері мынадай түстермен анықталады: әлсіз – сары; орташа – қызғылт сары; күшті – қызыл.

Дефляцияланбаған және дефляцияға қауіпті емес топырақтың контурлары боялмайды. Бұл ретте контурлардағы эрозияланған топырақтарда 49-қосымшаға сәйкес эрозиялану дәрежесінің белгісі қосылады. 

  1. Топырақтық-эрозиялық картограмма эрозияға қарсы топырақты қорғау іс-шараларының картограммасын жасау үшін негіз болып табылады.
  2. Түпкілікті топырақтық-эрозиялық картограмма жерді пайдалану шекараларымен ахуалдың топографиялық элементтерін қамтитын жоспарлы материалда (цифрлық карта) зерттеп-қарау масштабында дайындалады.
  3. Топырақтық-эрозиялық картограммаға мына индекстер – контур нөмірі, эрозиялану дәрежесі, зертханалық талдауға үлгілер алынған кескіндер мен жартылай шұңқырлар белгісі және олардың нөмірлері көрсетіле отырып, арнайы жүктеме жазылады.

Топырақтың химиялық талдауларына топырақ сынамалары алынған қазбалар картаға түсіріледі. 

  1. Картаны жиектеу белгіленген тәртіппен орындалады. Картограммада нысаны 61-қосымшада келтірілген түсініксөздер орналастырылады. Қазбалар сипаттамасы 62-қосымшада келтірілген.
  2. Жер пайдаланудың топырақтық-эрозиялық картограммасы түпнұсқадан үш данада дайындалады. Бір данасы жер пайдаланушыға, екіншісі – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарға беріледі, үшіншісі – жұмысты орындаған ұйымның мұрағатында сақталады.
  3. Эрозияға қарсы іс-шаралардың картограммасын жасау. Топырақтың эрозияға қарсы іс-шараларының картограммасы 58 және 61-қосымшалардың негізінде жасалады, онда топырақтың механикалық құрамы бойынша әр түрлі эрозияға төзімділік және эрозия дәрежесі бойынша топтастыруға сәйкес келетін ұсынылатын іс-шаралар көрсетілген.
  4. Эрозияға қарсы іс-шаралардың картограммасы үш данада жасалады, онда ұсынылатын іс-шаралары бар массивтер көрсетіледі.

Бұл картограммада:

картографиялық негіз (топырақтық-эрозиялық картаның негізіне ұқсас);

 жобаланған негізгі топырақты қорғау іс-шаралары контурларының шекаралары қамтылады.

  1. Картограммада шартты белгілермен (түстермен) ұсынылған топырақ қорғау іс-шаралары көрсетіледі:

- көпжылдық шөптермен тегіс көгалданған (сары түс);

- көпжылдық шөптермен уақытша көгалданған (қоңыр түс);

- көпжылдық шөптері бар ені 50 м жолақтармен кезектесіп дақылды жолақты орналастыру (қою жасыл түс);

- дәл осылай , жолақтардың ені 100 м (көгілдір түс);

- бір жылдық дақылдар мен сүрі жолақтарын ені 50 м етіп жолақпен орналастыру (қою қоңыр түс);

- дәл осылай, жолақтардың ені 100-150 м (қою көк түс);

- егінді қорғайтын орман жолақтары мен жаппай орман өсіру жүйесін құру (көк түс);

- жайылымды ретке келтіру, алаң бірлігіне түсетін жүктемені азайту (ашық қоңыр түс);

- реттелген жайылым, жайылым айналымы, кейде шөптерді егу (ашық сұр түс);

- мал жаюды тоқтату, құмдарды бекіту шаралары (себу, химиялық және басқалар) (ашық қызғылт сары түс);

- жайылым айналымы, түбегейлі жақсарту (қызыл түс).

Эрозиялық зерттеп-қарауға жатпайтын басқа да жайылымдық алқаптар массивтері (сор, сортаң, шалғынды-батпақты және т.б.) жеке түспен (қызғылт түспен) ерекшеленеді.

  1. Ұсынылған эрозияға қарсы іс-шаралар картограммасына түсініксөздер осы Әдістемеде 52-қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

Түсіндірме жазбаның (очерктің) мазмұны.

  1. Зерттеп-қарау мақсаттары мен міндеттері. Жұмыс әдістері. Жерді пайдаланудың жалпы ауданы, оның ішінде зерттеп-қаралған алаң. Жиналған материалдар. Жүргізілген талдаулардың түрлері мен әдістері, олардың саны. Орындаушылар және орындау мерзімдері.
  2. Зерттеп-қаралатын жер пайдалану аумағындағы климат: жауын-шашын, ауа және топырақ температурасы, ауа ылғалдылығы, құрғақ желдер. Жылдың жылы және суық кезеңінің ұзақтығы. Жел қызметі: орташа жылдық, орташа айлық жел жылдамдығы, Румб бағыты, жел күші. Эрозияға қауіпті кезеңдер, осы кезеңдердегі желдің жылдамдығы. Шаңды дауылдардың қайталануы.
  3. Бедер – геоморфологиялық жағдайлар, бедердің жел эрозиясының дамуы мен таралуына әсері.
  4. Топырақ түзуші жыныстар – гранулометриялық құрамы және оның жел эрозиясының дамуына әсері.
  5. Топырақ жамылғысының қысқаша сипаттамасы. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілері және олардың эрозия әсерінен өзгеруі. Химиялық және физикалық қасиеттері, олардың жел эрозиясының көрінісімен байланысы.
  6. Өсімдік жамылғысы оның жел эрозиясының дамуына немесе тежелуіне әсері тұрғысынан сипатталады.
  7. Жел эрозиясы, оның кеңістіктікте таралу заңдылықтары және эрозия дәрежесі және олардың эрозияға төзімділігі, жер бедеріне, топырақ пен өсімдік жамылғысына, топырақтың қызметі мен пайдалану сипатына тәуелділігі бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы.
  8. Іс-шаралар 58-қосымшаның топтамаларына сәйкес картограммада ерекшеленіп белгіленген егістік жерлердің әрбір учаскесі үшін әзірленеді. Егер жеке танап шегінде іс-шараларды жобалау кезінде эрозиялану дәрежесі бойынша әртүрлі екі немесе одан да көп контур болса, негіз ретінде ауданы бойынша басым контур қабылданады.
  9. Әртүрлі механикалық құрамдағы топырақтардағы эрозиялану дәрежесіне сәйкес келетін негізгі іс-шаралар 58-қосымшада келтірілген.
  10. Эрозияға қауіпті аймақтың барлық егістік жерлердегі әмбебап іс-шара топырақ бетіндегі сабанды сақтай отырып, топырақты қорғау болып табылады.

Биік өсімдіктермен желден қорғайтын алаңды жобалау және іске асыру. Өсімдіктердің түрі белгілі бір аймақтың бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. Төменгі учаскелер үшін мынадай дақылдар таңдалады: расп, күнбағыс, қыша немесе жүгері. Ауа ағындарынан қорғаудан басқа, олар қыста су эрозиясына ықпал ететін қалың қарға бөгет болуға қызмет етеді.

Орман мелиорациялық әдістер дақылды егістіктердің периметрі бойынша орман белдеулерін жолақпен отырғызуды көздейді. Сайлар мен өзендердің бойы екпелер отырғызу ұсынылады, олар желдің екпінін тежейді.

Техниканы жылжытатын заманауи технологиялар құнарлы қабаттың көтерілуі мен ауысуын азайтуға көмектеседі. Бұл қатты бөліктердің өтуін және артық көтерілуін азайтуға мүмкіндік береді.

Ормандардың заңсыз кесілуіне және ағаштардың көптеп отырғызылуына бақылауды күшейту.

Жоғарыда аталған әдістер топырақтың су және жел эрозиясын барынша азайтуға мүмкіндік береді, топырақтың жай-күйін, оның құнарлылығын жақсартады.

Бір жылдық дақылдар мен сүрі жерлерді көпжылдық шөптер жолақтарымен кезектестіре отырып арнайы топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді енгізу ұсынылады. Көпжылдық шөптер ауыспалы егіс алаңының 50%-ін құрайды.

Эрозиялану дәрежесіне және эрозияға төзімділігіне (механикалық құрамы бойынша) қарай жолақтардың ені 100 метрден 50 метрге дейін құбылады.

  1. Сүрі жерлерді эрозиядан қорғау бойынша іс-шаралар – бір жылдық дақылдары бар жолақты орналастыру. Эрозияға шамалы ұшыраған жолақтардың ені эрозияға барынша көп ұшыраған жолақтарға қарай 150-ден 50 метрге дейін өзгереді. Сүрі жерлерде дақыл және қышадан ықтырма себер алдында міндетті түрде сабан қалдырылады.
  2. Белсенді эрозиядан қорғану және онымен күресудің бір әдісі - қатты эрозияға ұшыраған жерлерді, ең алдымен жеңіл механикалық құрамды жерлерді көгалдандыру.

Сондай-ақ, биіктігі 20 см-ден асатын ұсақ топырақтан немесе құмнан пайда болған төмпешіктер және топырақ алынған терең шұңқырлардың (10-12 см-ден асатын) болуынан қазіргі уақытта бір жылдық дақылдарды себу мүмкін емес танаптар да көгалдандырылуға тиіс.

  1. Көгалдандыру мынадай болуы мүмкін:

1) егер топырақ салыстырмалы түрде жеңіл механикалық құрамнан үлкен профиль тереңдігіне дейін болса, тұрақты;

2) неғұрлым ауыр механикалық құрамы бар топырақтарда - уақытша.

4-5 жылдан кейін көгалдандырылған танаптарды жіңішке жолақтармен біржылдық дақылдарды егуге қайтадан тартуға болады.

  1. Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер осы аймақтың табиғи-экономикалық жағдайларына сәйкес келуге тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген республиканың әр облысы бойынша ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі бойынша ұсынымдарда көзделген ауыспалы егіс схемалары қолданылады.

191.Топырақ эрозиясымен күресу және микроклимат құру жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі қорғаныш орман белдеулері болып табылады. Оларды жобалау Қазақстанның орманшы анықтамалығына (Астана, 2010 ж.) сәйкес жүргізіледі.

  1. Жайылымдар алып жатқан учаскелердегі жел эрозиясымен күресудің негізгі шаралары және оларға дұрыс күтім жасау мынаған саяды:

- жайылымды қатаң реттеу және нормалау, эрозияның дамуына және жылжымалы құмдардың пайда болуына әкелетін алаңдардың жалаңаштануына жол бермеу;

- азықтық шөптер мен бұталардың құрамын жақсарта отырып, шөп егу жұмыстарын жүргізу;

- құм мен шаңның одан әрі дамуы мен тасымалдануының алдын алу үшін жылжымалы құмдарда орман өсіру жүзеге асырылады.»

7-параграфпен толықтырылсын:

«7-параграф.Топырақтың су эрозиясының картограммасы»

мынадай мазмұндағы 193-196-тармақтармен толықтырылсын:

«193. Топырақтың су эрозиясының картограммасы 63-қосымшаға сәйкес топырақтың су эрозиясының процестері дамыған шаруашылықтарда жасалады (егістіктің 35% астамы), онда:

1) әртүрлі дәрежеде су эрозиясына ұшыраған аумақтар;

2) топырақтың сызықтық су эрозиясынан зардап шеккен аумақтары (жыралар, ойпаттар) көрсетіледі.

  1. Топырақтың су эрозиясының картограммасы топырақ контурларының шекаралары мен олардың индекстерін сақтай отырып, топырақ картасының көшірмесінде жасалады.
  2. Шайылған топырақтың контурлары шайылу дәрежесін ескере отырып, әртүрлі айқын түстермен боялады.
  3. Су эрозиясының көріну дәрежесі бойынша топырақты бөлу, топырақ су эрозиясының картограммасына түсініксөздер және эрозияға ықтимал бейімділік бойынша жіктеу осы Әдістемеге 64, 65, 66-қосымшаларда келтірілген.».

8-параграфпен толықтырылсын:

«8-параграф. Топырақтың тұздылығының картограммасы»

мынадай мазмұндағы 197-200-тармақтармен толықтырылсын:

«197. Топырақтың сортаңдану картограммасы сортаң топырақтардың едәуір таралуымен (жалпы алаңның 30% астамы) жер пайдалану аумағында жасалады.

  1. Картограмма топырақ картасы және топырақ іздестіру материалдары негізінде жасалады. Онда осы Әдістемеде 67, 68-қосымшаларға сәйкес жоғарғы тұзды горизонттың пайда болу тереңдігі және тұздану дәрежесі бойынша сортаңданған топырақтың әртүрлі санаттары көрсетіледі.
  2. Топырақтың сортаңдану контурлары (сор, сортаңды, терең сортаңды, сортаңданған) әртүрлі қарама-қарсы түстермен боялған.

Сортаңдану дәрежесі бойынша градациялар фондық бояудың қарқындылығымен немесе I-IV рим цифрларымен көрінеді. Сортаңданбаған топырақтың контурлары боялмайды.

Топырақ жамылғысы біркелкі болмай, ала-ала болып сортаңданғанда, сортаңдану контурлары басым категорияның түсімен көрсетіледі.

  1. Картограмманың шартты белгілерінде ерекшеленіп белгіленген санаттарының толық атаулары мынадай схема бойынша қолданылады:

1) сор (аздап, орташа, қатты, өте күшті);

2) сортаңды (аздап, орташа, қатты, өте күшті);

3) сортаңданған (аздап, орташа, қатты, өте күшті).».

9-параграфпен толықтырылсын:

«9-параграф. Сортаңдар мен сортаңданған топырақтардың картограммасы»

мынадай мазмұндағы 201-205-тармақтармен толықтырылсын:

«201. Сортаңдар мен сортаңданған топырақтардың картограммасы жер пайдалану үшін жасалады, онда сортаңданған топырақтар мен сортаң кешендердің алаңдары ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданының кемінде               30% алады немесе шаруашылыққа құнды жерлер арасында елеулі сортаңданған учаскелер болады.

  1. Картограммаларда аумақтың нақты бөліктері бойынша сортаңдар мен сортаңданған топырақтардың таралуы көрсетіледі.
  2. Сортаңдар мен сортаңданған топырақтардың картограммасын жасау үшін топырақ картасы мен химиялық талдау деректері пайдаланылады.
  3. Картограммада топырақ картасында көрсетілген сортаңданған кешендер мен комбинациялардың, сондай-ақ сортаң топырақтардың барлық контурлары ерекшеленеді және осы Әдістемеге 69,70-қосымшаларға сәйкес түсініксөздер жасалады.

Бұл ретте олардың топырақ картасында қабылданған топырақтар мен олардың кешендерінің генетикалық белгілері (индекстері) сақталады.

  1. Белгілеу жүйелері:

1) су режимінің әр түрлі типтегі сортаңдары бар кешендердің контурлары -  тұтас (фондық) бояумен:

автоморфты сортаңдар (дала және шөл) – қызғылт түспен,

жартылай гидроморфты (шалғынды-далалы, шалғынды-шөлді) - күлгін түспен, гидроморфты (шалғынды, батпақты) – көк түспен белгіленеді;

2) кешендерден тыс сортаңданған топырақтардың контурлары олар үшін топырақ картасында қабылданған фондық түспен боялады, бұл ретте сортаңдану дәрежесі бойынша бөліну сақталады (аздап, орташа, күшті);

3) сортаңдар мен сортаңданған топырақтардың тұздануы жоғарғы тұзды горизонттың пайда болу тереңдігімен және тұздардың химиялық құрамымен сипатталады.»

10-параграфпен толықтырылсын:

«10-параграф. Аса ылғалданған топырақ картограммасы»

мынадай мазмұндағы 206-208-тармақтармен толықтырылсын:

«206. Аса ылғалданған топырақ картограммасы мен түсініксөздер осы Әдістемеде 70-қосымшаға сәйкес 30%-тен астам топырағы аса ылғалдануға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қажет ететін шаруашылықтарда жасалады.

Картограммада топырақтың далалық сипаттамаларына және олардың жіктеу атауларына сүйене отырып, белгілі бір түстермен боялған топырақтың мынадай санаттарының контурлары ерекшеленіп белгіленеді:

I - үнемі (бүкіл вегетациялық кезеңде бойы) шамадан тыс ылғалданған (ауыл шаруашылығын ұтымды пайдалану құрғатпай мүмкін емес) – көк түспен;

II - ұзақ уақыт бойы (вегетациялық кезеңнің көп бөлігінде шамадан тыс ылғалданған (егістік алқаптарын құрғатпай пайдалану мүмкін емес, соңғысы шалғындар мен жайылымдардың өнімділігін арттырады) – көк түспен; 

III - уақытша (вегетациялық кезеңнің аз бөлігінде шамадан тыс ылғалданған, гидромелиорациялық шаралар егістік өнімділігін арттырады) –жасыл түспен;

IV – қысқа мерзімді 2-3 апта ішінде қысқа, бірақ 1 айдан аспайтын аса ылғалдандыру, агротехникалық шаралар – өңдеу әдістері мен мерзімдері, сондай-ақ дақылдарды таңдау топырақтың өнімділігін арттырады) – ашық жасыл түспен.

  1. Аса ылғалданған су көздеріне байланысты контурларға шеңбер белгілері қойылады:

атмосфералық сулар – қызыл түс;

делювиалды ағып жатқан сулар – сары түс;

жайылған сулар – қоңыр түс;

ыза сулар – қара түс.

  1. Топырақты шығу тегі әртүрлі сулармен ылғалдандыру кезінде контурларға сәйкесінше екі немесе одан да көп белгілер қойылуы мүмкін.».

11-параграфпен толықтырылсын:

«11-параграф. Топырақ тастылығының картограммасы»

мынадай мазмұндағы 209-221-тармақтармен толықтырылсын:

«209. Тастылық картограммасы 30% астам алаңда тас басқан топырағы көп жерлерді пайдалану үшін жасалады.».

  1. Топырақ бетінде жатқан, жартылай көрініп жатқан немесе оның астында жатқан тастар қажетті агротехникалық және мелиорациялық жұмыстарды орындау мүмкіндігін қиындатады, кейде болдырмайды, машиналар мен құралдарды пайдаланудың өнімсіз шығындарын тудырады, топырақтың құнарлылығын нашарлатады. Осыған байланысты, егістікті тастардан тазарту тасты жерлерді жақсарту және ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру бойынша маңызды шаралардың бірі болып табылады.

211.Тас жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін мынадай деректер қажет: тасты топырақтың ауданы, тастылық дәрежесі, тастардың өлшемдері, тастардың орналасуы – топырақ бетінде немесе топырақтың жоғарғы қабатында жасырылған.

  1. Тастылық дәрежесі жер бетінде де, топырақтың астында отыз сантиметрл тереңдікте (м3/га) орналасқан тастың жалпы көлемімен (диаметрі 5 сантиметрден кем емес) сипатталады.
  2. Егіншілігі дамыған көптеген аудандар үшін тастардың көлемі бойынша топырақтың тастылық дәрежесін белгілеу кезінде мынадай градациялар қабылданады:

аз тасты топырақтарда 5-20 м3/га тас бар,

орташа тасты – 20-50 м3/га,

көп тасты – 50-100 м3/га,

өте көп тасты – 100 м3/га-дан астам.        

  1. Тастылық дәрежесі осы Әдістемеге 71, 72-қосымшаларға сәйкес далалық зерттеп-қарау және топырақты картаға түсіру процесінде әр түрлі дәрежеде таспен жабылған топырақ жабынын көзбен бағалау бойынша белгіленген контурлар негізінде сі бар алдын-ала бөлінген контурлар негізінде анықталады, бұл ретте мынадай градациялар болады:

1) 5-10% жабын – аз тасты;

2) 11-20% жабу – орташа тасты;

3) 21-40% жабын – қатты тасты.

  1. Таспен жабылу дәрежесі бойынша ерекшеліп белгіленген әрбір контурда негізгі және байқау кесінділерінің қасынан өлшемдері 1-4 шаршы метр есепке алу алаңдары салынады (жабылу жиілігіне және тастың өлшемдеріне қарай), онда бірінші кезекте топырақтың үстінде жатқан және жартылай көрініп жатқан тастар жиналады, содан кейін топырақтың астында 30 сантиметр тереңдікке дейін жатқан тастар алынады.
  2. Есепке алу алаңынан жиналған тастардың көлемін итеріліп шығарылған судың көлемімен (алдын ала толтырылған ыдыстан) немесе тастардың диаметрі мен санын анықтау арқылы, содан кейін олардың жалпы көлемін есептеу арқылы немесе дұрыс геометриялық пішінді үйінділерге тығыз төсеу тәсілімен, содан кейін оларды өлшеу арқылы анықтауға болады.
  3. Көлемі бойынша тастар былайша бөлінеді:

кішкентай – диаметрі 5-10 сантиметр,

орташа – 10-30 сантиметр,

үлкен – 30 сантиметрден асады

қойтастар - диаметрі 1 метрден асатын үйінділер.

  1. Топырақтың тастылығының картограммасын жасау кезінде бояумен тастылық дәрежесі көрсетіледі:

сары – аз тасты,

қызғылт сары – орташа тасты,

қызғылт – қатты тасты,

қызыл – аса тасты.

  1. Көп бояулы фонмен топырақ бетіндегі және жартылай топырақ астында жатқан тастардың басым өлшемдері мен саны (1 гектарға текше метр) көрсетіледі. Өлшемдер шеңберлермен белгіленеді:

ірі тастар – тушьпен қатты боялған шеңберлер,

орташа – жартылай боялған

кішкентай – боялмаған.

Шеңбердің жанында барлық өлшемдегі тастардың жалпы саны көрсетіледі.

  1. Шартты белгілерде бөлінген шекаралар бойынша топырақтың ауданы, гектарына тоннадағы тастың мөлшерін қайта есептеу (2,6-ға тең тастардың үлес салмағын негізге ала отырып) және топырақты пайдалану және тастылықты жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.».

Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемеге 74к-қосымша

Нысан «48к» ауыстырылсын; «74к» толықтырылсын;

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер қатынастарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Лауазымы                                                                           Аты-жөні

 

Дата публикации
23 октября 2024