«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 378 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабының 6-тармағын орындау мақсатында және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларға әкеліп соқтырмайды.
Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың игерілмеген бөлігін қайтару болып табылады.