«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
291-тармақтың 5-бағанында 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (шағын өнеркәсіп аймақтарына, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына, тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарына кредит беру мақсатында).».
|
Қазақстан Республикасының |
|
О. Бектенов |