«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бақылау және мониторинг жүргізу мәселелері кіреді.
Осыған орай, егер Сіз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп талаптарын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, Сіз мына байланыс телефондарына қоңырау шала аласыз: жұмыс тел.+7 (7172) 555957, ұялы тел. +7 747 901 5156.
Электрондық пошта адресі: ametov.i@minagri.gov.kz
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп бұзу фактілерін «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы +7 747 901 5156 телефон нөміріне жібере аласыз.
Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісінде әдеп жөніндегі уәкілдің парақшасы ашылған, осы парақшаға мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша ұсыныстарыңызды жібере аласыз, келесі сілтеме арқылы өтуге болады https://www.facebook.com/profile.php?id=100086750532960
Сіздердің ақпараттарыңыз мониторинг жүргізу үшін және қажетті әрекет ету үшін маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі И. Аметов