«Денсаулық сақтауды қаржыландырудың цифрлық сервисі арқылы медициналық көмек көлемдерін орналастыруды ұйымдастыру және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары және оларды пайдалану туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 156, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 27 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 122/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығының жобасы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновтің төрағалығымен өткен 2026 жылғы 23 қаңтардағы № Д-1402//12-18/07-1514 кеңес хаттамасының 3.1.1-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Бірлескен бұйрық жобасының мақсаты «Qalqan» сервисі бойынша пилоттық жоба Тетігінің терминологиясын Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру, сондай-ақ оның қолданылу мерзімін 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда ұзарту болып табылады. Қолданыстағы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 31 желтоқсанмен шектелген. Көрсетілген күнге «Qalqan» сервисі арқылы медициналық көмекті сатып алу және оған ақы төлеу аяқталады, 2027-2028 жылдары мониторинг, жоспарлау, тарифтер, көлемдерді бөлу және рейтингтік бағалау жүргізіледі. Бұйрықтың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін Тетіктің күші жоыйлады, оның орнына тұрақты тәртіп бекітілмеген. Мерзімді ұзарту пилоттың құқықтық режимін қалған сынамалау кезеңіне сақтайды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15927852) 2026 жылғы 9 қазанда орналастырылған.