
Ұлыстың ұлы күні – жаңару мен жаңғырудың мерекесі Бұл күні халқымыздың даладай дархан көңілі, қонақжайлығы, бейбітшіл ұстанымы мен достыққа адал бейілі үйлесім табады.
Ежелден келе жатқан Наурыздың құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлан-асыр мейрам ауылды жерлерден бастап ірі шаһаррларда аталып өтеді. Әр шаңырақтың дастарханына ұлттық тағамдар қойылып, бабалардың рухына тағзым етіледі. Көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіліп, мейірімділік пен ізгілік салтанат құрады.
Көктемнің шуақты мерекесінде баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, молшылық және жемісті жетістік тілейміз
Наурыз құтты болсын!