Алматы қаласының тұрғындарымен аудит саласындағы ІМАК төрағасының ашық диалогы

Алматы қаласының тұрғындарымен аудит саласындағы ІМАК төрағасының ашық диалогы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Алматы қаласының халқымен кездесті. Оның барысында бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі ашықтық пен тиімділігін арттыруға байланысты мәселелер жөнінде айтылды.

Айталық, Ержан Тілекұлы мемлекеттік сатыпалымды бақылау, бухгалтерлік есеп-қисап пен қаржылық есепті жүргізу жөніндегі шараларға тоқтала отырып, комитеттің 2024 жылда атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

2024 жылғы аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 340,9 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 5 594 рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Аудит объектілеріне 1654 Нұсқама және 1802 ұсыным енгізілді. Қабылданған шаралармен 284,1 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Бұдан басқа, камералдық бақылаумен 16,7 трлн теңге сомасына 540 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды, онда жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге 67 мыңнан астам рәсімде бұзушылықтардың алдын алынды.

Оның айтуынша, халықтың мемлекеттік қаржы жүйесіне деген сенімін арттыруда бюджет қаражатын пайдалануға байланысты мониторингтің маңызы зор.

Кездесу барысында алматылықтар мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі кейінгі өзгерістер жайлы, сондай-ақ аудиторлық тексерулердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы рөлі туралы сұрап, мемлекеттік аудит жұмысындағы цифрлы технологиялардың артықшылықтары жөнінде біле алды.

Комитет төрағасы бюджет үдерісінің барлық кезеңдерінде пост-аудиттен алдын алу аудитіне көшу маңызды қадам болатынын және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін атап өтті

Кездесу соңында Ержан Мыңжасаров белсенділік танытқан қала халқына ризашылығын білдіріп, комитеттің ашық әрі жемісті диалогқа қашанда дайын екенін айтты. Аталған кездесу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына сай келіп, мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттырудың маңызды тетігіне айналғанын айта кетейік.