Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің қатысушылары жаңа құрамда жиналды

								 Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің қатысушылары жаңа құрамда жиналды

Кеңесте қоғамдық Кеңес туралы ереже жобасы талқыланды, ББ төрағасы, хатшысы, комиссиясы және Төралқасы сайланды, 2019 жылға арналған Кеңестің жұмыс жоспары бекітілді және "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға түзетулер қаралды.

 

Жалпы дауыс беру нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, хатшысы - персоналды басқару және стратегия департаментінің директоры Қайрат Орынханов сайланды.

Қызмет бағыттары бойынша комиссия құрамы, сондай-ақ Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы және төралқасының барлық құрамы сайланды.

Төралқа құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, комиссия төрағалары, Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кіреді.

Қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Қаржы Вице-министрі Татьяна Савельева Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынды.

Т. Савельева республикалық бюджетті нақтылау бағытын атады:

- Мемлекет басшысының "Әлеуметтік қамсыздандыру" әлеуметтік шараларын іске асыру»;

- "Жастар жылы" аясында жастарды қолдау»;

- Мемлекет басшысының 2017-2018 жылдардағы тапсырмаларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету.