ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Ә. Смайыловтың ҚР Үкіметі отырысында "2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджетінің орындалуы туралы" мәселе бойынша баяндамасы»

 ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Ә. Смайыловтың ҚР Үкіметі отырысында "2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджетінің орындалуы туралы" мәселе бойынша баяндамасы»

Құрметті Аскар Узақпайұлы! Құрметті әріптестер!

 

Өткен екі айдың қортындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейлерінде 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кірістердің өсу қарқыны байқалады: МБ – 117,4%, РБ – 123,2% және ЖБ – 104,1%.

Атқарылған шығыстардың өсу қарқыны да жақсарды: МБ – 121,2%, РБ – 123,1% және ЖБ – 109,4%.

Кірістердің көлемінің өсуі себебінен бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бюджет шығыстарын қаржыландыруға қажетті қалдықтар қалыптасты: МБ – 296 млрд.теңге, РБ – 41  млрд.теңге, ЖБ – 255 млрд.теңге.

Енді бюджеттің негізгі көрсеткіштері туралы толық баяндайын.

КІРІСТЕР

Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 108,6%-ке, олардың ішінде республикалық кірістер – 102,7%-ке, жергілікті бюджеттер – 128,4%-ке асыра орындалды.

Республикалық бюджетке 1 трлн 147 млрд.теңге кірістер түсті. Бұл жоспардан 30 млрд.теңгеге, ал былтырғы жылдың екі айының көрсеткішінен 216 млрд.теңгеге  артық. 

Экономиканың негізгі салаларында макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруының оң серпіні байқалады. Мәселен, былтырғы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда биылғы жылы  сауданың көлемі 107,5%-ке, көлік саласы – 103,7%-ке, ауыл шаруашылығы – 103,5%-ке, өндіріс – 101,9%-ке және байланыс – 101,2%-ке өсті.

Нәтижесінде салықтөлеушілер  өздерінің табыстарының көлемін ұлғайтуға декларациялар ұсынды. Ол бюджетке қосымша 44млрд.теңгенің түсуіне себеп болды.

Жергілікті бюджетердің өз кірістері 94 млрд.теңгеге  артығымен орындалып, 425 млрд.теңгені құрады. Асыра  орындалу сомасының 84 млрд.теңгесі салықтарға келеді. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

ШЫҒЫСТАР

Мемлекеттік бюджет шығыстары 94,9%-ке, республикалық – 95,6%, жергілікті бюджеттері 95,9%-ке атқарылды. 

Республикалық бюджет шығыстары 1 трлн. 870 млрд.теңгені құрады. Бюджет қаражаты  86 млрд.теңгеге атқарылмады. Оның  11 млрд.теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 75 млрд.теңгені құрады.   Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54 млрд.теңгеге төмен.

Ең ірі игерілмеу сомалары келесі министрліктерде қалыптасты: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 19 млрд.теңге,  Қорғаныс – 11 млрд.теңге, Білім және ғылым және Ішкі істер -   12 млрд.теңге – 9 млрд.теңге.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары  559 млрд.теңгеге игерілді. 24 млрд.теңге орындалмады.

Ағымдағы жылы республикалық бюджетте жергілікті бюджеттерге 1 113  млрд.теңге нысаналы трансферттер қарастырылған.

Есепті кезеңде оларға 95  млрд.теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдармен олардың 89,6%-і игерілді, яғни 85 млрд.теңге.

9,3 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде 1,2 млрд.теңге үнемдеу. 8,1 млрд.теңге игерілмеген. 

 

 

Барлық өңірлердегі игерілмеудің басты себебі: келісім-шарттардың ұзақ жасалуы және сол себепті қазынашылық органдарында кеш тіркелуі, жұмыстардың кестеден қалуы. Алматы қаласында басты себеп – ол әкімшіліктің құрылымының өзгеруі болды.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ  КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ

Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы камералдық бақылау  жалғасты.

Осы бақылаумен 220 мыңнан  астам мемлекеттік сатып алу процедуралары немесе 1 трлн. 908 млрд.теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Жалпы сомасы 81 млрд.теңгеге бұзушылықтарға жол берілмеді.

123 млрд.теңге бюджет қаражатына 370 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

14 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Олардың 11 млрд.теңгесі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен түзетілді.

Аудит объектілеріне қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 345 ұсыныстың  114-і орындалды.

Өткен екі айдағы бюджеттің атқарылуының қортындылыры осындай көрсеткіштермен сипатталады.

Осымен қатар Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп Елбасының «Hұp Отан» партиясының XVIII кезекті съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын әзірледі.

Алда тұрған басты мақсаттардың бірі – ол осы нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын Парламентке енгізу және оның қабылдануын қамтамасыз ету.

Екіншіден, нақтыланған бюджетте көзделген төлемдердің уақытында алушыларға жетуін қамтамасыз ету үшін, барлық бюджеттін процедураларды тез арада өткізу.

 Үшіншіден, бюджеттің кірістерінің толық орындалуын қадағалаймыз  және  бюджет қаражатының атқарылуына онлайн-мониторингті жалғастырамыз.

 

Назарларыңызға рақмет!