ҚР Қаржы вице-министрі Т. Савельеваның 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасының Парламент Мәжілісіндегі баяндамасы

 ҚР Қаржы вице-министрі Т. Савельеваның 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасының Парламент Мәжілісіндегі баяндамасы

Қаржы Вице-министрі Т. Савельева Мәжілісте ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы түзетулерді таныстырды

 

Құрметті Гүлжан Жанпейісқызы!

Құрметті депутаттар!

Сіздерге ағымдағы жылдың республикалық бюджетін нақтылау туралы Заң жобасы ұсынылып отыр.

Заң жобасы Елбасының «Нұр Отан» партиясының он сегізінші съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін дайындалды. Ол Қазақстанды дамытуға, халықтың өмірін жақсартуға арналған маңызды шараларды қаржыландыруға бағытталған.

Нақтылау нәтижесінде бюджет параметрлері айтарлықтай өзгереді, өйткені қойылған міндеттерді шешу үшін барлық мүмкін болатын көздер іске қосылады.

Өз кезегінде бюджеттің макроэкономикалық негізі тұрақты-консервативті болып қала береді,бұл туралы Ұлттық экономика министрі айтты.

Республикалық бюджет түсімдерінің нақтыланған болжамы 821 млрд. теңгеге ұлғаюымен 10 569 млрд. теңгені құрайды, ол мыналардың есебінен жүргізіледі:

кедендік әкімшілендіруді күшейту нәтижесінде 200 млрд. теңге сомасында қосымша кірістер;

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд. теңгеге ұлғайту;

тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан 370 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт тарту.

Қаржы министрлігінің осы кезеңдегі басты міндеттерінің бірі «сұр» импортты және кедендік статистика бойынша алшақтықты қысқарту болып табылады.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін шекарадан өту кезінде тауарларды тазарту кезеңінде кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

Қытай тарапымен «ақылды құлып» пилоттық жобасын іске асыру және тауарларды Қытай Халық Республикасынан өткізу туралы деректермен электрондық алмасу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл импорттаушылардың Қытай бағытындағы тауарларды декларациялауының дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, кедендік құнды декларациялаудың дұрыстығын арттыру мақсатында ҚХР деректерімен ең үлкен алшақтығы бар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты тәуекелдердің тиісті бейіндері әзірленді.

Жүйелік шаралармен қатар жедел шаралар да қабылдануда. Атап айтқанда Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше көрші елдермен (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы) ішкі шекараларда ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап экспорттық бақылау бекеттері орнатылды. Олар көліктің орнын ауыстыруды, жүктің атауы мен құнын, алушының (жөнелтушінің) екі бағытқа (экспорт, импорт) деректерін тіркейді.

Бұл «сұр» импортты анықтауға, импорттаушылардың тауарлардың құнын төмендетуіне, салық төлеуден жалтару ықтималдығын болдырмауға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл шара тауарларды қадағалау жүйесін толық енгізгенге дейін және Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше-мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанға дейін әрекет ететін болады.

Ұсынылатын бастамалардың тиімділігі ағымдағы жылы бюджетке 200 млрд. теңге сомасында қосымша түсімдер түрінде күтілуде.

2019 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 1 168 млрд. теңгеге ұлғая отырып,нақтылаудың нәтижесінде 11 895 млрд. теңгені құрайды.

Жоғарыда айтылғандай, бюджетті нақтылаудың негізгі бағыты Президенттің «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру болып табылады, оларға ағымдағы жылы мынадай іс-шаралар бойынша 444,3 млрд.теңге бөлінеді.

Бірінші. 2019 жылға арналған 224,3 млрд. теңге шығыстары бар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту мыналарға бағытталатын болады:

атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тетігін өзгерту. Мәселен, АӘК көрсету өлшемшарты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан 70%-ына дейін (14 849 теңгеге дейін 20 789 теңгеге дейін) арттырылатын болады. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмекпен қамту 800 мыңнан астам адамға дейін кеңейтілетін болады.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа»белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мен стипендиялар алынып тасталады.

Атаулы әлеуметтік көмекті есептеу тетігіндегі тағы бір маңызды сәт - ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілді көмек төленеді (2019 жылы - 20 789 теңге).

Жалпы атаулы әлеуметтік көмек бойынша есептеу рәсімдерін жеңілдетуге және нақты мұқтаж азаматтарды көмекпен

қамтуға бағытталған қаржылық емес шаралар да қабылданатын болады.

мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға жәрдемақы, сондай-ақ бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау жөніндегі жәрдемақылар мөлшерін-1,05-тен 1,4-ке дейін ұлғайту.

Бүгінгі күні жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгені құрайды, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 30% - ға арттыруды ескере отырып, 41 577 теңгені құрайды.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап сараланған тәсілді қолдана отырып, бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 169,7 млрд.теңге бағытталатын болады.

Екінші. 2019 жылға арналған 100 млрд. теңге шығыстары бар аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету Нұрлы Жер бағдарламасы аясында екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

көп балалы отбасылардан шыққан аз қамтамасыз етілген отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді салу және реконструкциялау жолымен тұрғын үймен қамтамасыз ету, бұл жыл сайын 6 000 пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік береді;

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арқылы табысы 1-ең төменгі жалақыдан төмен (42,5 мың теңге) табысы бар аз, көп балалы, толық емес отбасыларды және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Мұндай отбасыларға 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% - бен алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары берілетін болады.

Үшінші. 2019 жылға 90 млрд. теңге шығыспен өңірлік инфрақұрылымды дамыту.

Мемлекет басшысы тапсырғандай, осы бағытқа 2025 жылға дейін жалпы 920 млрд.теңгеге жуық, оның ішінде Республикалық бюджеттен 680 млрд. теңгеден астам және жергілікті бюджеттен 230 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінетін болады.

Бұл еліміздегі шамамен 4,5 млн. адамға қызмет көрсететін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және реконструкциялауға мүмкіндік береді.

Қосымша қаражат бөлуді есепке алғанда, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 441,3 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті жолдар желісін дамытуға 115,4 млрд. теңге, сумен жабдықтауға, су бұру мен су шаруашылығына – 171,6 млрд. теңге, газбен жабдықтау мен электр энергетикасына - 88,9 млрд. теңге бағытталатын болады.

Жаңа бағыт бойынша – ірі қалалардың шеттерінің проблемаларын шешуге 30 млрд.теңге, оның ішінде Астана қаласы мен Ақмола облысының қала маңындағы ауылдарына – 15,0 млрд. теңге, Алматы қаласы мен Алматы облысының қала маңындағы ауылдарына – 10 млрд. теңге және Шымкентке – 5 млрд. теңге бөлінетін болады.

Төртінші. 2019 жылға арналған 30 млрд. теңге шығыспен «Ауыл – Ел бесігі» жаңа арнайы жобасын іске асыру.

Жоба аясында нақты перспективалары бар 1500 елді мекен айқындалатын болады. 3 жыл ішінде қаржыландыру көлемі 90 млрд. теңгені құрайды. Қаражат ауылдарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік объектілерді және т. б. дамытуға бағытталатын болады.

Бұл ретте, жуық арада жылдам әсер алу үшін ағымдағы жылы ұзақ құжаттамаларды дайындау және келісу рәсімдерін жүргізу талап етілмейтін ауылдарда бірінші кезектегі міндеттер

шешілетін болады. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне, әлеуметтік-мәдени нысандарға және инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарға күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу.

Қаржы жағынан қамтамасыз етілуі нақтыланған бюджет жобасында көрініс тапқан іс-шаралардың келесі маңызды блогы –бұл «Жастар жылы». Осы бағыт бойынша қосымша республикалық бюджеттен 24,6 млрд. теңге бөлінетін болады, оның ішінде:

«Жас кәсіпкер» бағдарламасын іске асыру 10,7 млрд. теңге шығыстармен, мынадай іс-шараларды қамтиды:

бизнес-жоспарларды дайындау және бизнес-жобаны сүйемелдеу бойынша қолдау көрсетілетін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздерге оқыту үшін орындар санын 15 000 бірлікке ұлғайту;

18-ден 29 жасқа дейінгі адамдарға 3 млн. теңгеге дейінгі сомада 200 «жастар» грантын беру. Бұл үшін «БЖК – 2020» бағдарламасы шеңберінде 600 млн. теңге сомасында шығыстар қарастырылған. Жастар гранттары инновациялық, АТ, сондай-ақ тиімді және сұранысқа ие бизнес жобаларды ұсынған тұлғаларға бөлінетін болады. Бұл кәсіпкерлік әлеуеті жоғары жастарды қолдауға мүмкіндік береді және мемлекеттен жақсы start up қаржыландыруға қызмет етеді;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жастарға арналған 9 000 мемлекеттік грант ұсыну.

Гранттар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өткен немесе техникалық және кәсіптік білім алған қатысушыларға (грант мөлшері - қажетті керек-жарақтар, еңбек құралдары,

технологиялық жабдықтар, жануарлар, мал, құс сатып алуға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 2019 жылы 505 мың теңге) берілетін болады.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жастарды жастар практикасымен қамтуды 10 000 адамға дейін ұлғайту, оның шеңберінде жас мамандар 6 ай ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алады.

«Жас маман» жобасы аясында 8,0 млрд. теңге шығыспен 180 колледжді жаңғырту жүзеге асырылатын болады, оның ішінде 7,3 млрд. теңге материалдық-техникалық базаны жарақтандыруға бағытталады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі колледждерді жабдықтармен жабдықтау тетігін, іріктеу критерийлерін, мамандықтардың басым бағыттары бойынша өзекті жабдықтардың тізбесін пысықтауда;

Жұмыс істейтін жастарға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кемінде бір мың жалға берілетін пәтер салуды қамтамасыз етуге 5,0 млрд.теңге бағытталады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы 250 млн. теңге стипендияның 30%-ы немесе айына 6 285 теңге мөлшерінде, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесіне сай әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын 10 мыңға жуық студент: балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, жастарға қызмет көрсету орталықтарында, оқушылар сарайларында, қарттар үйлерінде, емханаларда, жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждерде және т. б. материалдық көтермелеуге бағытталатын болады.

Сондай-ақ, Жастар жылы аясында жас қазақстандықтарды кәсіби бағдар беруге бағытталған «Өзіңді тап» жобасы іске қосылады.

Келесі маңызды бағыт – бұл «Қазақстан инвестициялық даму қоры» тікелей инвестициялар қорын құру, оған

нақтыланған бюджет жобасында Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлу есебінен 370 млрд.теңге сомасында қаражат көзделген. Бұл қаражат «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығын іске асыруға көзделген.

Қор шикізаттық емес секторда шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестициялау негізінде ірі серпінді жобаларды іске асыру үшін құрылады. Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту өңдеуші өнеркәсіпте, агроөнеркәсіптік кешенде, инновациялық секторда және инфрақұрылымды (энергетика, көлік, логистика, туризм) дамытуда жоспарлануда.

Жүргізілген бюджетті нақтылау шеңберінде бұрын айтылған бастамаларды іске асыру жалғастырылатын болады.

Мәселен, Түркістан облысы мен Астана қаласын дамытудың кешенді жоспарларын іске асыруға қосымша тиісінше 42,3 млрд.теңге және 21,8 млрд. теңге бағыттау ұсынылады.

Осы қаражатты, сондай-ақ өңірлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоғарыда аталған бастамаларды ескере отырып, ағымдағы жылы Түркістан облысының нысаналы трансферттерінің жалпы көлемі 60 млрд.теңге, Астана қаласына 140 млрд.теңгені құрады.

Ағымдағы жылы өңірлерге нысаналы трансферттердің жалпы көлемі 1 562,7 млрд.теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінің 13,1%-ын, ал субвенцияларды есепке алғанда 26,5% құрайды.

Республикалық бюджет шығыстарының әлеуметтік блогы жалпы 323,7 млрд.теңгеге ұлғайтылған және 5 155 млрд. теңгені немесе шығыстардың жалпы көлеміне 43,3%-ды және ЖІӨ-ге 8%-ды құрайды.

Әлеуметтік блоктың осы қаражаты шеңберінде Мемлекет басшысының «Қазақтану» ағартушылық жобасы мен «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасын қоса алғанда, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша шығыстар ескерілді.

Бюджетті нақтылау нәтижесінде нақты секторда шығыстар 312,3 млрд.теңгеге өсіммен 2 171 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендей, олардың көпшілігі әлеуметтік сипатқа ие және біздің азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған.

Тапшылықты жалпы ішкі өнімге 2,1%-ға дейін ұлғайту белгіленген лимит шегінде болатын қарыз жүктемесіне онша қиындық түсірмейді (үкіметтік борышты өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың кірістерге қатынасы 15%-дан аспайтын).

Бұл ретте тапшылықты қаржыландыру айналым мерзімі 10 және одан да көп жыл болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен Ішкі қарыз алу есебінен (сыйақы мөлшерлемесі 8,6% – 8,9%) басым түрде жабу жоспарлануда.

Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі бағыттары осындай.

Сонымен қатар, Бюджет кодексінің ережелеріне сәйкес нақтыланған бюджет жобасы шеңберінде ағымдағы жылы пайдалануға рұқсат етілген қалдықтарды көшіру бойынша жүргізілген түзетулер және мемлекеттік басқару құрылымындағы өзгерістер ескерілді.

Назарларыңызға рахмет!