
««Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 23-тармағына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.