
Бұл көрсеткіш біздің еліміздегі кәсіпкерлердің жартысынан көбі онлайн-кассалық машиналардың классикалық (темір) модельдеріне қарағанда веб-интерфейс арқылы жұмыс істейтін немесе мобильді қосымша болып табылатын бақылау-кассалық машиналарды таңдағандығы туралы айтады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы барлық есеп айырысулар онлайн-кассалық машиналардың көмегімен жүзеге асырылуы керек.
БKM мемлекеттік тізілімінде 96 онлайн KKM моделі бар, оның ішінде 61 (немесе 64%) модель классикалық (темір) және 35 (немесе 36%) модель аппараттық және бағдарламалық жүйелер болып табылады.
Кассалық машинаны таңдаған кезде оның құны мен функционалдығы маңызды рөл атқарады, өйткені әр кәсіпкер ең алдымен өз ісіне келетін пайдасы туралы ойлайды. Осы тұрғыдан алғанда, аппараттық кешен классикалық кассаларға қарағанда тиімдірек, өйткені олар бағасы төмен, немесе тегін (мысалы, «reKassa») болып келеді.
Орташа алғанда, кәсіпкер апараттық кешенді немесе веб-кассаны жалға алуға айына 1-3 мың теңге жұмсайды. Классикалық онлайн KKM орташа құны 55-60 мың теңгені құрайды, ал кейбір модификацияларының бағасы 230 мың теңгеге жетеді.
Егер біз классикалық кассалық машиналардың бұзылу қаупін және басқа да проблемаларды ескеретін болсақ, онда таңдау айқын болады.
Сонымен бірге, фискалдық деректер операторының функцияларын бәсекелес ортаға беру ФДО қызметтерінің құнын төмендетуге мүмкіндік берді. Егер «Қазақтелеком» АҚ үшін ай сайынғы абоненттік төлем БКМ модельдерінің барлығына бірдей белгіленіп 1500 теңгені құраса, «Транстелеком» АҚ-да БКМ моделіне байланысты ай сайынғы қызметтердің құны 750-ден 1400 теңгеге дейін болады.
Онлайн-БКМ-дардың ең көп қолданылатын түрлері:
Жалпы алғанда, онлайн-БКМ енгізу салықтық әкімшілендіруді жақсартуға көмектесті, сонымен қатар көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және бюджетке салық түсімдерін арттыруға әсер етті.