
Ашық диалог форматында өткен жиында ведомство басшысы депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, министрлікте қолға алынған жұмыстар туралы кеңірек айтып берді.
Айталық, Мәди Төкешұлы жаңа Салық кодексі шеңберінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде тоқталды. Бұл жобаға сәйкес экономиканың түрлі секторлары үшін салық мөлшерлемелерін өзгертіп, арнайы салық режімдерін жеңілдету қарастырылған.
Сондай-ақ министр қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аясында мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы да мұқият түсіндіріп берді. Оны іске асыруға 19 заңға тәуелді акт әзірленді 4-ші панельді сессияға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, Үкіметінің мүшелері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың өкілдері елімізде жүргізіліп жатқан қаржы-экономикалық саясат пен цифрландыруға байланысты ойларын жеткізіп, өзара пікір алысты.