
Кездесу Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Жарғысының IV бабына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстанның билік өкілдерімен консультациялар өткізу жөніндегі ХВҚ-ның жыл сайынғы миссиясының бөлігі болып саналады.
Аталған іс-шараға ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланше, аға экономист Грегорио Импавидо және басқа да сарапшылар қатысты.
Тараптар еліміздің орта мерзімді перспективадағы экономикалық жоспарларын, сондай-ақ 2024 жылға арналған бюджеттің қазіргі атқарылу барысын қарастырды.
Мәди Төкешұлы Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдай туралы және Үкіметтің жүргізіп жатқан реформалар жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесу соңында министр ХВҚ-мен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, еліміздің ұйыммен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.