
Оған, Қаржы министрлігінің Орталық аппарат қызметкерлері, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Мемлекеттік сатып алу комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржы мониторингі комитеті (ЭТҚ), Электрондық қаржы орталығы мен проблемалық кредиттер қоры қатысты. Ойын нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды Проблемалық несиелер қорына, екінші орынды Мемлекеттік кірістер комитетіне және үшінші орынды Қаржы мониторингі комитеті (ЭТҚ) иеленді. Сонымен қатар номинациялар бойынша үздік ойыншылар марапатталды: "Үздік қақпашы" - Еркін Сапин (ҚР ҚМ МКК); "Үздік қорғаушы" - Азамат Салин (АҚ ПКҚ); "Үздік шабуылдаушы ойыншы" - Роллан Молдабеков (ҚР ҚМ ОА).
