ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Дүйсен Әділханов ведомствоның Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменттері және аудандық басқармаларының қызметкерлерімен кездесті

ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Дүйсен Әділханов ведомствоның Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменттері және аудандық басқармаларының қызметкерлерімен кездесті

Кездесулер барысында аумақтық ұжымдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамалары тыңдалды.

Өз кезегінде Д. Әділханов аумақтық ұжымдардағы іске асырылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, мемлекеттік қызметшілерге еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың таяуда жарияланған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы нақты бағдарлары жөнінде жеткізіп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдары мен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға қатысты биыл енгізілген кейбір заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңірек тоқталды.
Сонымен қатар ведомствоның уәкілі Байғанин, Темір, Мұғалжар, Қарғалы аудандарында болып, аумақтық басқармалардың қызметкерлерімен кездесіп, әкімшілік ғимараттардың жәй-күйімен танысты. Әдеп жөніндегі уәкіл аталған ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты, ғимараттардың жөндеу жұмыстары сапалы, қызметкерлер мен келушілерге қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.