
Ведомство қызметкерлерін Наурыз мерекесімен Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов құттықтап, барлығына денсаулық, бейбітшілік және амандық тіледі.
Іс-шара барлық салт-дәстүрлерді сақтай отырып өтті. Фойеде күйлер, Наурыз туралы әндер шырқалып, мереке қонақтарын ұлттық киімдермен қарсы алып, бауырсақ, қымыз, шұбат, айран, құрт ұсынды.
Қонақтар үшін киіз үй түрінде фотозон жасалып, безендірілді.
Мереке "Мерей" ансамблімен орындалған "Шашу" биінен басталды.
Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері "Наурыз мейрамын" мерекелеуге дайындалған Қазақ дәстүрлеріне арналған нөмірлерді ұсынды. Бес команда жарысты - Көрісу, Айттыру, Тұсау кесу, Сырға салу және Кемпір өлді дәстүрлерін ұйымдастырып, олардың әрқайсысын вице-министрлер мен Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы басқарды.
Сонымен қатар командалар қазылар алқасына мерекелік безендірілген үстелдерді ұсынды.
Мереке қонақтары қатысқан ойындар өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша барлығына сыйлықтар табыс етілді.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
