Бұл күн Ата заңның мызғымастығын айқындап, Конституцияны құрметтеу мен оның ережелерін ұстанатын шынайы маңызды құндылықтар – құқықтық мәдениет пен жоғары азаматтық борыш туралы еске салатын маңызды мерекелердің бірі болып саналады.
Мереке қарсаңында бірқатар жаңадан қабылданған маман мемлекеттік қызметкерлер ретінде ант қабылдады.
Іс-шара кезінде жұмыста жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлер марапатталып, оларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.Салтанатты шара мерекелік концертпен тәмамдалды.
ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі