
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 31 шілдедегі № 504 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) орналастырылғанын жеткіземіз.
Бұйрық «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Өкімінің 28-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шілдеде №34864 тіркелінген.