«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру шеңберінде әзірленді.

Бұйрық жобасының мақсаты деректерді өңдеу орталықтары үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жалға алу қызметтерін бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндігін беру, сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын айқындау бөлігінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерімен сатып алу тәсілдемелерін біріздендіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 30 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15152159) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 13 тамызға дейін.