«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес және кезекші автомобильдерді ұлғайту бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде әзірленді.

Заңға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарынан қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметін алып тастау бойынша Бюджет кодексіне түзету енгізілді. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдарды қызметтік автомобильдермен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Аппаратының басшысына қолдануды алып тастау, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кезекші автомобильдерді ұлғайту көзделуде.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 29 шілдеде орналастырылған.