Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасының Баспасөз хабарламасы

Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасының Баспасөз хабарламасы

«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының
1-тармағының 2) тармақшасына негізделген, ол бюрократиядан арылту қағидаттарының бірі бастапқы цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы болып табылады. Сондай-ақ, «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес келтіру (Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 25 наурыздағы Заңымен) үшін әзірленді.

Жобаның мақсаты – бюрократиядан арылу, трансферттік баға бойынша жергілікті есептілік нысанын тапсыратын салық төлеушілердің қызметіне байланысты деректерді жинау және талдау процесінің тиімділігі мен ашықтығын оңтайландыру және арттыру. Сондай-ақ, жергілікті есептілікті ұсынатын қатысушыға және негізгі есептілікті ұсыну мерзіміне қатысты «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңның 7-1 және 7-2-баптарына сәйкестендіру.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 24 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15147253.

Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 07 тамызға дейін.