«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2020 жылғы20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына  БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2020 жылғы20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Жоба «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2) тармақшасына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті органдардың салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі бойынша мәліметтерін зерделеу және талдау кезінде мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың санын қысқарту үшін әзірледі. 

Бұйрық жобасы іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жобаны қабылдаудың мақсаты жер қойнауын пайдаланушылардың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды немесе әлеуметтік салықты аударымдар сомасына, сондай-ақ жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайту құқығын іске асыруы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 18 шілдедегі Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15141197) орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 1 тамызға дейін.