
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасының мақсаты «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру болып табылады.
Қаулы жобасы 2024 жылғы 18 шілдеде (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15141395) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Қаулы жобасына жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 1 тамызға дейін.