«Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 633 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі бұйрығының жобасына
(бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі
Жоба Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасын іске асыру үшін әзірленді, оған сәйкес тиімсіз (өнімсіз) шығыстарды оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Осыған орай, жобаға кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарын 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде нормалау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Жоба бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен кеңсе керек-жарақтарын алу кезінде дербестікті көздейді, бұл тек қажет кеңсе керек-жарақтарын алуға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 12 шілдеде орналастырылған.