«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 11) тармақшасын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Қаулы жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасы 2024 жылғы 11 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15122739) орналастырылды.
Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
25 шілдеге дейін.