«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығының Жобасына

«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығының Жобасына

«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді  болғызбау   мәселелері   бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-тармағын жүзеге асыру үшін әзірленді.

Жобаның мақсаты сатып алудың «тауар биржалары арқылы» тәсілін алып тастау, сондай-ақ тендер, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде бір лотқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғаларының қатысуына тиым салатын норманы белгілеу бөлігінде «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді  болғызбау   мәселелері   бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                17-тармағын іске асыру үшін «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы        № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу болып табылады.

Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Жоба 2024 жылғы 2 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15106490) орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 17 шілдеге дейін.