Баспасөз-релизі «29» наурыз 2019 жыл

 Баспасөз-релизі «29» наурыз 2019 жыл

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі А.А. Смаилов 2019 жылдың 29 наурызында Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.



Күн тәртібінде бекітілген 38 және қосымша 10 сұрақ қаралды.

Кеңес мүшелері ЕАЭО нормативті актілерінің орындалу барысы,  ЕАЭО ортақ қаржылық нарықты қалыптастыру тұжырымдамасы, ЕАЭО Мысыр, Сербия және Израилмен еркін сауда алаңдары жөніңде келісімді бекіту төңірегінде келіссөздер мен Жоғары Кеңестің № 72шешімінің орындалу барысы бойынша комиссия ұсынған ақпараттарды тыңдады. 

 

Отырыс барысында ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының күн тәртібі де мақұлданды.

Жиында Одақтың ішкі нарығында Одаққа мүше мемлекеттер тарапынан өзара қолайлы шешім қабылданған, дегенменде қолайсыздық тудырған айтулы кедергілер төңірегінде мазмұнды пікіралмасу болды.    

ЕАЭО жөніңдегі келісімге қол қойылғанына 5 жыл толуына байланысты, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бірлескен мәлімдемесінің жобасы талқыланды.

Кеңес отырысында ЕАЭО кедендік территориясы мен кедендік шекарасында карантинге жатқызылған өнімдер мен нысандарға талап етілетін Біріңғай каратиндік фитосанитарлық талаптарға өзгеріс енгізу ұсынысы мақұлданды. 

Мұнымен қоса, ЕАЭО теxникалық регламентін құру бойынша жоспардың екінші бөліміне, Кедендік Одақтың теxникалық регламентіне, Кедендік Одақтың "Порфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі" жөніңдегі теxникалық регламентіне де өзгерістер енгізілді. 

ДСҰ кіру кезіндегі талаптарға сәйкес қабылданған міндеттемелер бойынша, Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ң біріңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелеріне қарағанда әлдеқайда төмен кедендік әкелім баж салығы қолданылатын тауарлар тізімі мен баж мөлшерлемелерінің көлемі де өзгеретін болады.     

Кеңес отырысының аясында, үшінші елдермен өзара сауда-саттық барысында туындаған теxникалық кедергілерді жою бойынша талаптар мен тәртіптер жөніңдегі келісімге, "ЕАЭО шеңберінде қызмет көрсетудің жекелеген секторларын ырықтандыру жоспарын жүзеге асыру бойынша" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қаулысының жобасы мен "ЕАЭО өндірістік саясаты бойынша Кеңес" жөніңдегі келісімдерге өзгеріс енгізу шешімі қабылданды.

Жалпы алғанда, бұл жиынның мазмұны Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сәйкес келеді және бұл басқосудан кейін экономикалық интеграциялық процесстердің жаhандану деңгейі артып, жаңа серпінді өзгерістер орын алмақ. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аймақтық және xалықаралық деңгейдегі интеграцияға құлшынысын оятуға да түрткі болады.