«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану болып табылады.
Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жоба 2024 жылғы 21 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15095515) орналастырылды.
Жобасны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 5 шілдеге дейін.