Бүгін Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақмола облысы - адами және табиғи әлеуеті мол, еліміздің индустриалды-аграрлық аймағы.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өңірде 70 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген. 2023 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 95,7%-ға, ал ағымдағы жылдың 5 айында 93,4%-ға орындалды.

Өз сөзінде ол Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын, сонымен қатар өткен жылғы және ағымдағы жылдың 5 айының жұмыс нәтижелерінің қорытындысын атап өтті.

Басты назарда халықты және бизнесті қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар болды. «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» цифрландыру жобасы қысқаша таныстырылды.

Өз сөзінің қорытындысы бойынша вице-министр көлік салығын төлеуге, QR-кодты қолдануға, бөлшек салыққа, үш компонентті интеграцияланған жүйені орнатуға, жалпыға бірдей декларациялауға байланысты халықтың өзекті мәселелеріне жауап берді.